Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Уақытыңыз бен күшіңізді тарту ете аласыз ба?

Уақытыңыз бен күшіңізді тарту ете аласыз ба?

Ишая пайғамбар айтып кеткендей, біз Ехобаның ұйымының жердегі бөлігінің тарихтағы ең үлкен өсіміне куәміз (Иш 54:2). Осыған орай, жаңа Патшалық және Конгресс сарайлары, Бетел ғимараттары қажет. Соғылып біткен соң, бұл ғимараттарды күтіп ұстау, кейбірінде тіпті ауқымды жөндеу жұмыстарын жүргізу керек болады. Сондай кезде уақытымыз бен күшімізді Ехобаға қалай тарту ете аламыз?

  • Уағыздау тобымыздың Патшалық сарайын тазалайтын кезегі келгенде, соған атсалысу

  • Патшалық сарайын күтіп ұстауды үйрететін бағдарламаға қатысуға ерік білдіру

  • Бізге жақын маңда жүріп жатқан құрылыс я жөндеу жұмыстарына ара-тұра көмектесу үшін, “Жергілікті құрылыста ерікті қызмет етуге өтініш” (DC-50) бланкісін толтыру

  • Бетелде не филиалдың басқа ғимаратында болсын, бір не одан көп апта жәрдем беру үшін, “Ерікті қызметші болуға өтініш” (А-19) бланкісін толтыру

ЖАҢА ҚҰРЫЛЫС ЖОБАСЫ ЖОСПАРЛАНДЫ (ҮЗІНДІ)” БЕЙНЕРОЛИГІН КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, МЫНА СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:

  • 2014 жылдан бері видеоларды қалай көбірек пайдаланатын болдық?

  • Бейнеөнімдерге деген сұраныс артқандықтан, қандай жоба жоспарланды? Бұл жобаның құрылысы қашан басталып, қашан аяқталмақ?

  • Еріктілер осы жобаға қалай көмектесе алады?

  • Рамапо сияқты ірі құрылыс жобасына қатысқымыз келсе, неге DC-50 өтінішін толтырып, жақын маңдағы Жергілікті жобалау және құрылыс бөлімінің жобаларына көмектескен жөн?

  • Ехобаның осы жобаға бағыт беріп отырғаны неден көрінеді?

  • Құрылысқа жеке қатыса алмасақ та, бұл жобаға қалай қолдау көрсете аламыз?