Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Таза ғибадатты не үшін бағалайсыз?

Таза ғибадатты не үшін бағалайсыз?

Езекиел көрген ғибадатхана туралы аян тұтқындағы яһудилердің бойына жігер құйды. Өйткені бұл оларға таза ғибадаттың қайта қалпына келетініне сенімділік берді. Осы соңғы күндерде “Ехобаның үйі тұрған тау”, яғни таза ғибадат “тау шыңдарынан асқақ болды”. Барлық халықтар соған қарай ағылып жатыр, олардың арасында сіз де барсыз (Иш 2:2). Ехобаны біліп, оған қызмет ету неткен зор мәртебе екені жайлы ой жүгіртіп отырасыз ба?

ТАЗА ҒИБАДАТТЫҢ БАТАЛАРЫ:

  • Көл-көсір рухани ас. Осының арқасында өмірдегі маңызды сұрақтарға жауап таптық, өмірлік құндылықтарымыз бар, болашаққа деген үкілі үмітке ие болдық (Иш 48:17, 18; 65:13; Рм 15:4).

  • Халықаралық бауырластық (Зб 133:1; Жх 13:35).

  • Қанағат сыйлайтын істе Құдаймен бірге еңбектену құрметі (Е.і 20:35; Қ1х 3:9).

  • Қиындықта күш-жігер дарытатын “Құдайдың тыныштығы” (Фп 4:6, 7).

  • Таза ар-ождан (Т2х 1:3).

  • Ехобамен достық қарым-қатынас (Зб 25:14).

Таза ғибадатты бағалайтынымды қалай көрсете аламын?