Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

“Уа, Ехоба... өзіңе сенім артамын”

“Уа, Ехоба... өзіңе сенім артамын”

Ехобаға қолайлы кезде де, басымызға күн туғанда да сенім артқанымыз маңызды (Зб 25:1, 2). Б. з. б. VIII ғасырда Яһудада тұрып жатқан яһудилер Құдайға деген сенімдерін сынға алған қиын жағдайға тап болды. Сол кезде болған оқиғадан өзімізге көп сабақ аламыз (Рм 15:4). “Уа, Ехоба... өзіңе сенім артамын” атты бейнефильмді көріп болған соң, келесі сұрақтарға жауап тауып көріңіз.

  1. Езекия қандай өте қиын жағдайға кезікті?

  2. Қалаға қоршауға алыну қаупі төнгенде, Езекия Нақыл сөздер 22:3-тегі принципті қалай қолданды?

  3. Неге Езекия Ассирияға беріле салуды не Мысырмен одақ құруды ойына да алмады?

  4. Езекия мәсіхшілерге қай жағынан жақсы үлгі болып табылады?

  5. Бүгінде Ехобаға біздің қаншалықты сенім артатынымыз қандай жағдайларда көрінеді?

Ехобаға көбірек сенім артқыңыз келетін жағдайларды жазыңыз