ҚЫЗМЕТІМІЗДІҢ САПАСЫН АРТТЫРАЙЫҚ | ҚЫЗМЕТТЕГІ ҚУАНЫШЫҢЫЗ АРТСЫН
Зерттеушіге қауымға баруға көмектесіңіз
Қауым кездесулері — таза ғибадаттың аса маңызды бөлігі (Зб 22:22). Ехобаға ғибадат ету үшін жиналғанда, бәрі қуаныш сезініп, батаға кенеледі (Зб 65:4). Әдетте зерттеушілер қауым кездесулеріне үзбей келіп тұрса, рухани өсулері әлдеқайда тез болады.
Зерттеушіге қауымға баруға қалай көмектессеңіз болады? Қауымға шақыра беруден талмаңыз. “Патшалық сарайында не үшін жиналамыз?” бейнеролигін көрсетіңіз. Қатысудың қандай пайдасы бар екенін айтып беріңіз (lff 10-сабақ). Кездесуде түйген қандай да бір ойды айтып берсеңіз болады я болмаса алдағы қауымда не талқыланатынын айтып өтіңіз. Оған қауымда қолданылатын әдебиеттерді беріңіз немесе JW Library® қосымшасындағы “Кездесулер” деген жерді көрсетіңіз. Оған басқа жағынан да көмек ұсыныңыз. Бәлкім, оны қауымға апару керек шығар. Күндердің күнінде зерттеуші қауымға бірінші рет келген кезде бар еңбегіңіз зая кетпегенін көресіз (Қ1х 14:24, 25).
“КИЕЛІ КІТАПТЫ ЗЕРТТЕУШІЛЕРГЕ КӨМЕКТЕСІҢІЗ: ҚАУЫМҒА БАРУҒА” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:
-
Нита Лараны қауымға шақыру үшін қандай мүмкіндікті пайдаланды?
-
Зерттеуші қауымға келгенде біз неге қуанамыз?
-
Лара қауымға бірінші рет келген кезде қандай әсер алды?