Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Жағдайымыз өзгергенде рухани сергектік сақтап, қызметте белсенді болайық

Жағдайымыз өзгергенде рухани сергектік сақтап, қызметте белсенді болайық

Соңғы күндері өзгерістерден қашып құтылу мүмкін емес (Қ1х 7:31). Өзгерістер күткен я күтпеген, жақсы я жаман болсын — олар ғибадатымызға бөгет жасап, Ехобамен қарым-қатынасымызға кері әсер етуі мүмкін. Жағдайымыз өзгергенде, рухани сергектік сақтап, қызметте белсенді болуға не көмектеседі? “Көшіп-қонғанда да рухани адам болып қалайық” бейнеролигін көріп болған соң, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:

  • Отағасының бір бауырласпен сөйлескені қалай көмек болды?

  • Матай 7:25-тегі принцип бұл отбасына қалай көмектесті?

  • Олар көшу үшін алдын ала қандай дайындықтар жасады және бұның нәтижесі қандай болды?

  • Оларға қауымдағы және танаптағы өзгерістерге бейімделуге не көмектесті?

Жақында басымнан қандай үлкен өзгерістер өтті?

Бұл бейнероликтегі принциптерді өз жағдайымда қалай қолдансам болады?