Жомарт адам басқаларға көмектесу үшін әрі жігерлендіру үшін уақытын, күшін және қолда барын қуанышпен береді.
-
“Беріңдер” деп аударылған грек сөзі үздіксіз жасалатын әрекетке нұсқайды.
-
Басқаларға бергенде, олар да бізге қойнымызға “нығыздап, шайқап, тасып-төгілген мөлшерде салып береді”. Бұл сөздер саудагерлердің тауарды сатып алушының сырт киімінің бүгілген жеріне (белдіктің жоғарғы жағы) толтырып салып беретін дәстүріне нұсқауы мүмкін.