Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Ехоба ерен еңбегімізді еш ұмытпайды

Ехоба ерен еңбегімізді еш ұмытпайды

Ехобаның есінде мәңгілікке сақталатындай істер жасау оның әрбір қызметшісінің қолынан келеді. Баласын жанындай сүйетін ата-ана оның әрбір жетістігін өмір бойы бағалап өтетініндей, Ехоба да біздің қызметімізді және оның есіміне деген сүйіспеншілігімізді еш ұмытпайды (Мт 6:20; Ев 6:10). Әрине, бәрінің қабілеті мен өмірлік жағдайы бірдей емес. Сөйткенмен де Ехобаға барымызды салып қызмет етсек, ешқайсысымыз да қуаныштан кенде қалмаймыз (Ғл 6:4; Қл 3:23). Мәселен, көптеген жылдан бері мыңдаған бауырластар Бетелде еңбектеніп келеді. Сіз Бетелде ерікті қызмет атқара аласыз ба? Егер мүмкіндігіңіз болмаса, неге қызмет еткісі келетін бауырластарды жігерлендірмеске? Немесе қызметін талмай атқара беру үшін бетелдік бауырласқа қол ұшын созбасқа?

БЕТЕЛДЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРГЕН СОҢ, МЫНА СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗДЕР:

  • Бетелде қызмет етуге не қозғау салу керек?

  • Бауырластардың айтуынша, бетелдік қызметтің қандай баталары бар?

  • Бетелде қызмет етемін деушілерге қандай талаптар қойылады?

  • Бетелдік қызметке арналған өтінішті толтыру үшін не істеу керек?