МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ
Тағы қашан қосалқы ізашар болып қызмет ете аламын?
Езекиелдің ғибадатханасы туралы аяннан Ехобаның халқы ерікті сый-тартулар әкелетіні көрінеді. Қалай әрқайсысымыз мадақтау құрбандығын ұсына аламыз? (Ев 13:15, 16).
Мұның бір жолы — қосалқы ізашар болып қызмет ету. 2018 қызмет жылының бірнеше айында бес сенбі мен бес жексенбі бар. Бұл — әсіресе толық уақыт жұмыс істеп, көбінесе демалыс күндері уағыздайтындар үшін керемет мүмкіндік. Оның үстіне, жариялаушылар наурызда, сәуірде және қауымға аудандық бақылаушылар келетін айларда 30 не 50 сағат қызмет ете алады.
Ал қосалқы ізашар болуға жағдайымыз келмесе ше? Біз қызметіміздің сапасын жақсартуға әрі мүмкіндігінше көбірек уағыздауға күш салсақ болады. Жағдайымыз қандай болмасын, Ехобаға деген сүйіспеншілік бізді 2018 қызмет жылында оған ең жақсымызды ұсынуға талпындырғай! (Ош 14:2).
“ЕХОБАМЕН БІРГЕ БӘРІН ДЕ ІСТЕЙ АЛАМЫН” БЕЙНЕРОЛИГІН КӨРГЕН СОҢ, ТӨМЕНДЕГІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:
-
Сабинаны Ехобаға көбірек қызмет етуге не талпындырды?
-
Сабинаның үлгісі сізді қалай жігерлендірді?
-
2018 қызмет жылы қай айда (айларда) қосалқы ізашар болып қызмет ете аласыз?