Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

ҚЫЗМЕТІМІЗДІҢ САПАСЫН АРТТЫРАЙЫҚ

Уағыздау шеберлігін шыңдай түсейік. Журналға өз ұсынысыңызды құрастырыңыз

Уағыздау шеберлігін шыңдай түсейік. Журналға өз ұсынысыңызды құрастырыңыз

БҰЛ НЕЛІКТЕН МАҢЫЗДЫ? Жұмыс дәптерімізде түрлі ұсыныстар келтірілгенімен, олар тек ұсыныс үлгілері ғана. Сіз оны өз сөзіңізбен айтып жеткізсеңіз болады. Сіз өз аймағыңызды ескеріп, ұсынысты бейімдеуді не басқа тақырыпқа көңіл аударуды жөн көрерсіз. Сондықтан журналды оқып шығып, ұсыныс үлгілері мен бейнероликті қарап шыққан соң, өз ұсынысыңызды құрастыра аласыз.

БҰЛ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

“Мен келтірілген ұсыныс үлгілерінің бірін қолданғым келе ме?”

ИӘ

  • Алғы сөз дайындаңыз. Амандасқан соң, не үшін келгеніңізді қысқаша айтып өтіңіз. (“Менің келген себебім...” деуге болады.)

  • Сұрағыңыздан жазба орны мен әдебиетке қалай өтетініңізді дайындап алыңыз. (Тармаққа көңіл бөлу үшін, “осы сұраққа мына жерде мардымды жауап бар” деуге болады.)

ЖОҚ

  • Журналдан сізге қызықты әрі аймағыңызда тиімді болатын тақырыпты таңдаңыз

  • Үй иесін тығырыққа тіремейтін, қайта ойландыратын әрі әңгімеге жақсы арқау болатын сұрақ қойыңыз. (Мұндай сұрақтарды журналдың 2-бетінен табуға болады.)

  • Бір тармақты таңдаңыз. (Егер сіз “Ояныңдар!” журналын көрсеткелі жатсаңыз, тармақ оқу-оқымауды өзіңіз шешесіз. Себебі бұл журнал Киелі кітапты жақсы білмейтін және дінге сенбейтін адамдарға арналған.)

  • Осы мақаланың қандай пайда әкелетінін үй иесіне бір-екі ауыз сөзбен айта кетіңіз

ЖАУАБЫҢЫЗ ҚАНДАЙ БОЛСА ДА...

  • Қайта барғанда талқылайтын бір сұрақ дайындаңыз

  • Ұмытпау үшін, келесі жолы не айтқыңыз келетінін жазып қойыңыз