Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

28 сәуір — 4 мамыр

НАҚЫЛ СӨЗДЕР 11

28 сәуір — 4 мамыр

90-ән және дұға | Алғы сөз (1 мин.)

ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА

1. Не айтатыныңызға мұқият болыңыз

(10 мин.)

“Өзгенің” жанын жаралайтын сөздер айтпаңыз (Н.с 11:9; w02 15.5. 26-б., 4-абз.)

Іріткі салып, жікке бөлетін сөздер айтпаңыз (Н.с 11:11; w02 15.5. 27-б., 2, 3-абз.)

Құпия мәліметті басқаларға айтпаңыз (Н.с 11:12, 13; w20.03 22-б., 12, 13-абз.)

ОЙТАМЫЗЫҚ: Исаның Лұқа 6:45-те айтқан сөздері жанды жаралайтын сөздерден аулақ болуға қалай көмектеседі?

2. Рухани асыл тастар

(10 мин.)

  • Н.с 11:17. Мейірімді болғанымыздың қандай пайдасы бар? (g20.1 11-беттегі қоршау)

  • Осы аптадағы тараулардан қандай асыл тастар таптыңыздар?

3. Киелі кітапты оқу

ҚЫЗМЕТІМІЗДІҢ САПАСЫН АРТТЫРАЙЫҚ

4. Әңгіме бастау

(4 мин.) БЕЙРЕСМИ КУӘЛІК БЕРУ. Ретін тауып, танысыңызға жақын арада өткен қауым кездесуінен не білгеніңізді айтыңыз. (lmd 2-сабақ, 4-тақырыпша)

5. Қызығушылықты арттыру

(4 мин.) БЕЙРЕСМИ КУӘЛІК БЕРУ. “Тәлім беру құралдарынан” бір видео көрсетіңіз. (lmd 8-сабақ, 3-тақырыпша)

6. Шәкірт дайындау

(4 мин.) КӨПШІЛІК ОРЫНДАРДА УАҒЫЗДАУ. Киелі кітап зерттеу сабағын ұсынып, оның қалай өтетінін көрсетіңіз. (lmd 10-сабақ, 3-тақырыпша)

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

157-ән

7. Тіліңіз тыныштықты бұзып жүрмесін

(15 мин.) Талқылау.

Пенде болғандықтан кейде артық сөйлеп, сөзден сүрініп жатамыз (Жқ 3:8). Алайда айтар сөзіміздің салдары қандай болатыны жайлы ойлансақ, артынан өкінетін сөздер айтудан сақ боламыз. Ал қандай сөздер қауымның тыныштығын бұзады? Олардың кейбірі мыналар:

  • Орынсыз мақтану. Бұл — адамның өзін-өзі дәріптеуі. Орынсыз мақтану бәсекелестік пен қызғаныш тудырады (Н.с 27:2).

  • Өтірік сөйлеу. Бұған тек жалған сөйлеу ғана емес, біреуді әдейі сөзбен шатастыру да жатады. Кішігірім өтіріктің өзі сенімнен айырып, абыройды төгеді (Уғ 10:1).

  • Өсек айту. Бұл — өзгенің сыртынан әңгіме айтып, шындықты бұрмалау не жеке өмірін сөз ету (Т1х 5:13). Өсек айту дау-жанжал тудырып, адамдарды жікке бөледі.

  • Ашумен сөйлеу. Бұл — ренжіткен адамға ашу-ызамызды ойланбастан айтып тастау (Еф 4:26). Бұндай сөздер адамның жанын жаралайды (Н.с 29:22).

“Тыныштықтың шырқын бұзатын қылықтардан арылайық” (үзінді) деген ВИДЕОНЫ көрсетіңіз. Сосын мына сұрақты қойыңыз:

  • Айтқан сөзіміз қауымның бірлігіне қалай әсер етуі мүмкін?

Бауырластар қалай татуласқанын “Татулықты іздеп, соған ұмтылыңыз” деген видеодан көріңіз.

8. Қауымда Киелі кітапты зерттеу

Қорытынды сөз (3 мин.) | 2025 жылдың аймақтық конгресінің жаңа әні және дұға