Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Ехобаның моральдық нормаларын ұстанайық

Ехобаның моральдық нормаларын ұстанайық

Ехоба Құдай адамдар үшін моральдық нормалар орнатқан. Мысалы, ол неке әйел мен еркектің мәңгілік одағы болады деп шешті (Мт 19:4—6, 9). Ехоба жыныстық азғындықтың кез келген түріне тыйым салады (Қ1х 6:9, 10). Ол тіпті таңдап алған халқына киім мен сырт көрініске қатысты принциптер берген (М5ж 22:5; Т1х 2:9, 10).

Бүгінде көп адам Ехобаның нормаларын аяқ асты етеді (Рм 1:18—32). Олар киімге, сырт көрініс пен жүріс-тұрысқа келгенде, көпшіліктің пікіріне бой алдырады. Көбісі істеген ауыр күнәлары үшін мақтанады, ал басқаша өмір сүретіндерді жамандайды (Пт1х 4:3, 4).

Ехоба куәгерлері ретінде біз еш қорықпай, Ехобаның моральдық нормаларын ұстануға тиіспіз (Рм 12:9). Қалайша? Біз Ехобаға не ұнамды екенін ілтипатпен өзгелерге айтуымыз қажет. Бірақ сонымен қатар оның жоғары нормаларын жеке өмірімізде ұстануымыз керек. Мысалы, киім таңдағанда былай деп ойланып көрсек болады: “Таңдаған киімім Ехобаның нормаларына сай келе ме, әлде мына әлемдікіне ме? Киімімнен, сырт көрінісімнен Құдайдан қорқатын адам екенім көріне ме?” Я қандай да бір фильм не бағдарлама көргіміз келгенде, былай деп ойланайық: “Бұл бағдарламаны Ехоба құптай ма? Ол кімнің моральдық нормаларын ұстануға талпындырады? Мен таңдаған көңіл көтеру түрлері моральдық жағынан құлдыратпай ма? (Зб 101:3). Немесе отбасымды не басқа біреулерді сүріндіріп жүрмей ме?” (Қ1х 10:31—33).

Ехобаның моральдық нормаларын ұстанғанымыз неге соншалықты маңызды? Өйткені жақында Иса Мәсіх халықтарды және зұлымдықты түгел жояды (Езк 9:4—7). Тек Құдайдың еркін орындаған адамдар ғана аман қалады (Ж1х 2:15—17). Ендеше, Ехобаның моральдық нормаларын ұстана берейік. Сонда жақсы жүріс-тұрысымызды көрген адамдар Құдайды дәріптейтін болады (Пт1х 2:11, 12).

Киімім мен сырт көрінісім менің моральдық нормаларым жайлы не айтады?

ЕХОБАНЫҢ ДОСЫ БОЛ. БІРІ ЕРКЕК, БІРІ ӘЙЕЛ” ДЕГЕН МУЛЬТФИЛЬМДІ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, ТӨМЕНДЕГІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІП КӨРІҢІЗ:

  • Ехобаның нормаларына сай өмір сүру неліктен даналыққа жатады?

  • Неге ата-аналар балаларына кішкентай кездерінен бастап Ехобаның моральдық нормаларын үйретулері керек?

  • Қалай жастар да, жасы үлкендер де басқаларға Құдайдың ізгілігінің пайдасын көруге көмектесе алады?