Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Ехоба — жетімдердің әкесі

Ехоба — жетімдердің әкесі

Жыл сайын көптеген жастар Ехобаның досы болуды таңдайды (Зб 110:3). Жастар, Ехоба әрбіріңді жақсы көреді, әрбіріңді бағалайды. Сендердің кезігіп жүрген қиындықтарыңды ол түсінеді және оған қызмет еткісі келетіндерге көмектесуді уәде етеді. Әкесіз не анасыз өсіп жатқан болсаң, Ехоба жетімдердің әкесі екенін естен шығарма (Зб 68:5). Отбасың қандай болмасын, Ехобаның тәлімінің арқасында өмірде жетістікке жетесің (Пт1х 5:10).

СЕНІМ ЖОЛЫНДАҒЫ ЖЕҢІМПАЗ КҮРЕСКЕРЛЕР. ӘКЕСІ НЕ АНАСЫ ЖАЛҒЫЗ ӨСІРГЕН БАУЫРЛАСТАР” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:

  • Тамми, Чарлз, Джими бауырластардың үлгісінен не үйрендіңіз?

  • Әкесі не анасы жалғыз өсіргендерге Зәбүр 27:10-дағы сөздер қандай жұбаныш береді?