СЕРГЕК БОЛЫҢДАР!
2022 жыл — қиындыққа толы жыл. Киелі кітапта не делінген?
2022 жылы соғыс, экономикалық тапшылық, экологиялық апаттар жайлы жаман жаңалықтар қарша борады. Бұл қиындықтардың түпкі себебі Киелі кітапта ғана айтылған.
Түпкі себебі
Соңғы жылы орын алған оқиғалар адамзат баласының Киелі кітапта “соңғы күндер” деп аталатын кезеңде өмір сүріп жатқанына тағы бір рет көзімізді жеткізді (Тімөтеге 2-хат 3:1). “Соңғы күндер” 1914 жылы басталған. Киелі кітапта алдын ала айтылған сөздер біздің күнімізде қалай дәлме-дәл орындалып жатқанын байқап көрейік.
“Соғыстар” (Матай 24:6).
“2022 жылы Еуропаға соғыс қауіпі қайта төнді” a.
“Ресей Украинаға басып кірді” деген мақаланы қараңыз.
Ашаршылық (Матай 24:7).
“2022 жылы адамзат тарихында болмаған ашаршылық белең алды” b.
“Украинадағы соғыстан жаһандық азық-түлік тапшылығы үдеп тұр” деген мақаланы қараңыз.
“Індеттер” (Лұқа 21:11).
“Полиомиелит ауруларының өршуімен қатар маймыл шешегі (оспа), COVID-19 сияқты індеттердің де кең етек жаюы адамзатқа көп зардап әкелуде. Бұл жағдай жұқпалы аурулардың қаншалықты кең көлемде тарала алатынын және індеттермен күресуге адамдардың дәрменсіз екенін көрсетіп отыр” c.
“COVID індеті 6 миллион адамның өмірін жалмады” деген мақаланы қараңыз.
“Қорқынышты нәрселер” (Лұқа 21:11).
“2022 жылдың жазында орын алған аптап ыстық, құрғақшылық, өрттер мен су тасқындары сияқты апаттар, сөз жоқ, адамдардың санасында өшпес із қалдырды. Бұл апаттар талайлардың өмірін жалмап, миллиондаған адамды көшеде қалдырды” d.
“Әлемдегі аптап ыстық барлық рекордты басып озды” деген мақаланы қараңыз.
“Көтерілістер” (Лұқа 21:9).
“Әсіресе инфляция сияқты экономикалық проблемалардың шешілмеуі жұрттың наразылығын тудырды. Нәтижесінде, 2022 жылы үкіметтерге қарсы көтерілістер саны бұрынғыдан әжептеуір артты” e.
“Дүниежүзі бойынша инфляция жылдам өсіп жатыр” деген мақаланы қараңыз.
Келесі жылдан не күтуге болады?
2023 жылдан не күтуге болатынын нақты ешкім кесіп айта алмайды, әрине. Бірақ бір білеріміз — өте жақын арада Құдай Патшалығы, яғни көктегі үкімет жердегі жағдайды реттеуге өзі кіріседі (Даниял 2:44). Бұл үкімет адамзаттың қайғы-қасіретіне нүкте қойып, Құдай еркін жер бетінде жүзеге асырады (Матай 6:9, 10).
Құрметті оқырман, біз сізді Иса пайғамбардың “сергек болыңдар” деген кеңесіне құлақ асып, бүгінгі оқиғалардың Киелі кітап пайғамбарлықтарымен қалай байланысты екенін байқай білуге шақырамыз! (Марқа 13:37). Киелі кітап өміріңізді қазірдің өзінде қалай жақсарта алатынын және өзіңізге де, отбасыңызға да қалай жарқын болашақ сыйлай алатынын білу үшін, бізге хабарласуыңызды сұраймыз.
a “Ассошиэйтед Пресс”, Джилл Лоулесс. 8 желтоқсан, 2022.
b “Дүниежүзілік азық-түлікпен қамту жобасы”/“Дүниежүзілік азық-түлік тапшылығы”.
c “JAMA Health Forum”/“Пандемия заманы: COVID-19, Маймыл шешегі, Полиомиелит, Х ауруы”, Лоуренс Гостин. 22 қыркүйек, 2022.
d “Earth.Org”/“2022 жылдың жазындағы рекордтарды басып озған аптап ыстыққа не себеп?”, Мартина Игини. 24 қазан, 2022.
e “Карнеги фонды”/“Адамдардың ашуын өршіткен экономикалық қиындықтар. 2022 жылғы ереуілдер”, Томас Каротерс пен Бенджамин Фельдман. 8 желтоқсан, 2022.