Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Marek M. Berezowski/Anadolu Agency via Getty Images

“СЕРГЕК БОЛЫҢДАР!”

Украинадағы соғыстың басталғанына бір жыл болды. Киелі кітап қандай үміт береді?

Украинадағы соғыстың басталғанына бір жыл болды. Киелі кітап қандай үміт береді?

 2023 жылы 24 ақпанда Украинадағы соғыстың басталғанына тура 1 жыл болды. Кей деректерге сүйенсек, бұл соғыста 300 000-дай украиндық және ресейлік сарбаз қайтыс болған не жарақаттанған, ал 30 000-дай бейбіт тұрғын көз жұмған. Алайда бұл сандар одан да көп болуы мүмкін.

 Бір жаманы, бұл соғыстың тоқтайтын түрі жоқ.

  •   “Ресей әскері Украинаға басып кіргелі бері бір жыл өтсе де, бұл қақтығыстың аяқталар түрі көрінбейді. Екі жақтың қайсысы жеңетіні де, олардың ымыраға келетін-келмейтіні де белгісіз” (“National Public Radio”, 19 ақпан, 2023 жыл).

 Бүкіл әлем бойынша көптеген жазықсыз адамдар әртүрлі соғыс пен қақтығыстардың кесірінен жапа шегіп, қиналуда. Осы орайда Киелі кітап қандай үміт пен жұбаныш береді? Соғыстар тоқтап, бейбітшілік орнайтынына үміттене аламыз ба?

Соғыстардың бәрін тоқтататын соғыс

 Киелі кітапта адамзатты жоятын емес, құтқаратын соғыс жайлы айтылған. Бұл — Армагеддон соғысы. Киелі кітапта бұл соғыс “Құдіреті шексіз Құдайдың ұлы күні болатын соғыс” деп сипатталған (Аян 16:14, 16). Армагеддон соғысы арқылы Құдай адамзат билігіне тоқтау қояды. Өйткені үкімет көптеген соғыстарға себепші болып, адамдарды қайғыға душар етіп жатыр. Армагеддон соғысы қалайша мәңгілік тыныштық орнататынын білу үшін мына мақалаларды оқып көріңіз: