СЕРГЕК БОЛЫҢДАР!
Мектептегі атыс. Киелі кітапта не делінген?
2022 жылдың 24 мамырында АҚШ-тағы Техас штатының Ювалд қаласында өте сұмдық жағдай орын алды. “Нью-Йорк таймс” газетінің мәлімдеуінше, “Робб” бастауыш мектебінде қолына қару алған жігіт 19 оқушы мен 2 мұғалімді атып өлтірді.
Өкінішке орай, осындай сұмдық жағдайлар барған сайын көбейіп барады. “Ю-эс-эй тудей” газетінде хабарланғандай, өткен жылы тек Құрама Штаттарының өзінде “мектеп аумағында 249 атыс оқиғасы орын алған. Бұндай сан кем дегенде 1970 жылдан бері тіркелген емес”.
Мұндай жауыздық не үшін болып жатыр? Осындай жағдайға кезіккенде бізге не көмектесе алады? Қатыгездіктің түбіне балта шабылатын кез келе ме? Бұл сұрақтарға Киелі кітапта жауап бар.
Неге адамдар барған сайын қатыгез болып барады?
Киелі кітап біз өмір сүріп жатқан уақытты “соңғы күндер” деп сипаттап, адамдардың “бауырмалдықтан жұрдай”, “бұзақы” болатынын, яғни қатыгез, сорақы әрекеттерге баратынын айтқан. Сондай-ақ онда мұндай адамдардың “бұрынғыдан бетер жамандық жасайтыны” айтылған (Тімөтеге 2-хат 3:1—5, 13). Бұл жайлы көбірек білу үшін, “Киелі кітапта бүгінгі адамдардың қандай болатыны айтылған ба?” (ор.) деген мақаланы оқып шығыңыз.
Көп адамды “мектепте болған атыс сияқты қайғылы жағдайларға Құдай неге жол беріп отыр?” деген сұрақ мазалап жатады. Бұл сұраққа Киелі кітап қалай жауап беретінін білу үшін, “Неге жақсы адамдар қасірет шегеді?” деген мақаланы оқысаңыз болады.
Жауыздыққа кезіккенде бізге не көмектесе алады?
“Бұрын жазылғандардың бәрі бізге тәлім болсын деп жазылған. Осылайша... Жазбалардан алған жұбанышымыз арқылы үмітке ие бола аламыз” (Римдіктерге 15:4).
Қатыгездікке кезіккенде, Киелі кітаптың принциптері сізге көмек бере алады. Бұл жайлы көбірек білу үшін, “Қатыгездіктің соңы келе ме?” (ор.) деп аталатын “Ояныңдар!” журналын қараңыз.
Балаларын жаман жаңалықтардан қорғау үшін, ата-аналар “Жаңалықтар көру балаға қалай әсер етеді” (ор.) деген мақаланы қараса болады.
Қатыгездіктің түбіне балта шабылатын кез келе ме?
“Қанаушы мен зұлым билеушіден құндарын өтеп алады” (Зәбүр 72:14).
“Олар семсерлерінен соқа, Найзаларынан орақ соғады. Халық халыққа қарсы енді қайтып семсер көтермейді, Олар соғысуды да үйренбейді” (Миха 4:3).
Адам баласының қолынан келмейтінді Құдай істейтін болады. Оның Патшалығы барлық қару-жарақты да, қатыгездікті де біржолата жоқ қылады. Құдай Патшалығы тағы не істейтіні жайлы көбірек білу үшін, “Құдай Патшалығы тұсында “шартарапта тыныштық болады”” деген мақаланы оқыңыз.