Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

САДАҚАЛАРЫҢЫЗ ҚАЙДА ЖҰМСАЛАДЫ?

COVID-19 кезінде Патшалық сарайларын қауіпсіз ету

COVID-19 кезінде Патшалық сарайларын қауіпсіз ету

1 ҚАЗАН, 2022

 “Басқарушы кеңестің қабылдаған шешімі бойынша, жергілікті шектеулер болмаса, барлық қауымдар 1 сәуірден бастап Патшалық сарайында жиналуға талпындырылады”. Бұл жаңалық 2022 жылдың наурыз айының басында jw.org сайтына шықты. Дүниежүзіндегі Ехоба куәгерлері бұл жаңалықты оқығанда, қуанғаннан төбелері көкке жетті. Бірақ әлі де COVID-19 пандемиясы жалғасып жатыр a. Сондықтан қауымға келушілерді вирустан қорғау үшін қандай шаралар ұйымдастырылды? Қандай құрал-жабдықтар сатып алынды? Екі жылдай қауым кездесулері өткізілмеген Патшалық сарайларымыз қолданысқа дайын болды ма?

 Негізі, Патшалық сарайында жүзбе-жүз жинала алуымыз үшін бауырластар дайындық жұмыстарын бірнеше ай бұрын бастап кеткен еді.

Әртүрлі қажеттіліктер — әртүрлі шешімдер

 Бір қызығы, жүзбе-жүз кездесулеріміз тоқтатылғаннан кейін бір ай өте сала, Уорвиктегі (Нью-Йорк) дүниежүзілік жобалау және құрылыс бөлімі (ДЖҚ) COVID-19 пандемиясы Патшалық сарайларын қолдануға қалай әсер ететінін және ғибадат орындарымыз қауіпсіз болу үшін не істеу керектігін ойлана бастады.

 Әр елдің қажеттілігі әр түрлі болды. ДЖҚ бөлімінде қызмет ететін Мэттью Де Санктис бауырлас былай дейді: “Кей елдерде Патшалық сарайында қол жуатын орын болмады. Патшалық сарайында су құбыры болмаған жағдайда суды сатып алу керек болды, я болмаса өзеннен не құдықтан тасу керек болды. Ал басқа елдерде ауа желдету, ауа баптау және жеке гигиена мен вирустан қорғануға қатысты ақпараттық тақтайшалар ілу туралы талаптар өзгерді”.

 Осы проблемаларды шешу үшін бауырластар не істеді? Мэттьюдің айтуынша, көп жағдайда “қарапайым, көп қаражатты талап етпейтін шешімдер ең тиімді шешім болды”. Мысалы, Папуа — Жаңа Гвинеяда бауырластар 20 литрлік канистрге шүмек жалғап, қолжуғыш жасап қойды. Ауылдық жерлерде осындай қолжуғыштар орнатуға бар жоғы 40 АҚШ доллары кетті. Ал Африкадағы Патшалық сарайлары үшін азиялық жеткізушіден 6000-дай жоғары сапалы қолжуғыштар сатып алынды.

Гигиена сақтауға келгенде ата-аналар балаларына жақсы үлгі көрсетуде

 Сондай-ақ кейбір Патшалық сарайларына желдеткіш орнату керек болды немесе оларды жақсарту керек болды. Микрофонды қолдан-қолға бермеу үшін көптеген қауымдар микрофонға арналған ұстағыштар сатып алды. Вирустан қорғану үшін есіктің тұтқалары мен кран сияқты адамдар жиі ұстайтын жерлер дезинфекцияланып тұрды. Кейбір қауымдар дәретханаға өздігінен қосылатын сенсорлық крандар орнатып қойды. Чилидегі Патшалық сарайларында осы сияқты өзгерістер жасау үшін орта есеппен әр Патшалық сарайына 1400 АҚШ доллары жұмсалды.

Микрофондар қолдан-қолға берілмеу үшін ұстағыштар пайдаланылады

 Патшалық сарайларын қауіпсіз ету үшін бауырластар ерікті садақаны даналықпен жұмсады. Мысалы, кейбір елдерде бауырластар қолжуғыштар мен микрофонға арналған ұстағыштарды сатып алу үшін салықтық жеңілдіктерді пайдаланды. Ерікті садақаны үнемдеу үшін филиалдар бірігіп, керек заттарды ірі партиямен сатып алды. Филиалдар мен дүниежүзілік жабдықтау бөлімі жиі қажет заттарды тікелей өндірушіден сатып алғандықтан қаражат та, жеткізу уақыты да үнемделді.

Қолды дезинфекциялауға арналған антисептик

”Өзімді қауіпсіз сезіндім”

 Патшалық сарайларын қауіпсіз ету үшін жасалған шаралар қауым кездесулеріне келушілерді вирустан қорғап қана қоймай, оларды қауымға қорықпай келуге талпындырды. Перуде тұратын Дульсине бауырлас қайтадан Патшалық сарайына жиналатынымызды естігенде, “кішкене қорыққанын” айтты. Ол былай деді: “Мен COVID-19 пандемиясы басталғаннан кейін көп ұзамай вирус жұқтырып алдым. Сол үшін Патшалық сарайына барсам, қайтадан ауырып қаламын ба деп қорықтым. Бірақ Патшалық сарайына келген кезде көңілім жай тапты. Бізді вирустан қорғау үшін ақсақалдардың көп нәрсе істегендерін көрдім. Патшалық сарайында қолымызды дезинфекциялау үшін антисептиктер қойылыпты, микрофонға арналған ұстағыштар сатып алыныпты. Сондай-ақ қауым кездесуіне дейін және одан кейін Патшалық сарайының ішіне дезинфекция жасалынды. Осының бәрін көргенде өзімді қауіпсіз сезіндім” b.

Патшалық сарайын дезинфекциялау жұмысы

 Ал Замбияда тұратын Сэра есімді бауырластың уайымы басқа болды. Ол жағдайын түсіндіріп былай деді: “Бірнеше ай бұрын менің күйеуім COVID-19-дың кесірінен көз жұмды. Сондықтан Патшалық сарайына бірінші рет күйеуімсіз барсам, қалай болар екен деп уайымдадым”. Сэра бауырлас Патшалық сарайына келген соң, өзін қалай сезінді екен? “Бауырластармен жүзбе-жүз кездесетініміз осы соңғы күндері Ехобаның бізбен бірге екеніне көзімді жеткізді. Мен бұған дейін ақсақалдар мен бауырластардың сүйіспеншілігін, қамқорлығын, қолдауын бұлай көрген емеспін”,— деді ол.

Жүзбе-жүз кездесу қуанышқа бөлейді

 Дүниенің түкпір-түкпіріндегі бауырластарымыз қайтадан Патшалық сарайларында жинала алатынымыз үшін өте риза. Сіздердің дарқан көңілмен беріп жатқан садақаларыңыз үшін алғысымыз шексіз. Садақалардың көбісі donate.jw.org сайты арқылы жасалып жатыр. Осындай ерікті садақалардың арқасында ғибадат ететін орындарымыз қауіпсіз әрі ыңғайлы болып отыр.

a Патшалық сарайына келе алмайтындар кездесулерге видеоконференция не телефон арқылы қатыса алады.

b Сонымен қатар кездесулерге келушілерге міндетті түрде маска тағу керектігі айтылды.