Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

94-ӘН

Құдай Сөзі үшін ризашылық

Құдай Сөзі үшін ризашылық

(Філіпіліктерге 2:16)

  1. 1. Ехоба Әкеміз, ризамыз саған,

    Бердің Сөзіңді, асқан сый жоқ одан!

    Азаттық әкеледі Киелі жазбалар,

    Рухтың жетегімен олар жазылған.

  2. 2. Күшті ғой әсері тірі Сөзіңнің,

    Аян етеді ниетін жүректің.

    Заңдарың таңғаларлық, әділ де кемелді,

    Бізге жолайрықта бағыт береді.

  3. 3. Жандар өзіміздей Сөзіңді жазған,

    Міне, сондықтан сезімдерге тұнған.

    Адалдық танытайық, берік боп сенімде,

    Жақұттай бағалы рақмет Сөзіңе!