Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

54-ӘН

Міне, жол!

Міне, жол!

(Ишая 30:20, 21)

  1. 1. Қадам бастың, міне,

    Татулық жолына.

    Талай адам жүрген,

    Бұл жол емес жаңа.

    Құдай осы жолға

    Сөзін негіз еткен.

    Жетелейді Иса,

    Бұл жол түзу неткен!

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Мінеки, жол! Міне, өмір жолы!

    Жалтақ болмай, берік ұстан оны.

    Шақыруын бұл Ехобаның,

    Қабыл алып, жүр жолменен осы.

  2. 2. Қандай ғажап бұл жол

    Сүюге баулыған!

    Тыңда Құдай даусын

    Сені бағыттаған.

    Сүйіспеншілігі

    Адал да шынайы,

    Талпындырар игі

    Істерге ұдайы.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Мінеки, жол! Міне, өмір жолы!

    Жалтақ болмай, берік ұстан оны.

    Шақыруын бұл Ехобаның,

    Қабыл алып, жүр жолменен осы.

  3. 3. Бұл жол — өмір жолы,

    Қажет емес басқа.

    Ең жақсы жол — осы,

    Қарамаймыз артқа.

    Өзгелерді сүйіп,

    Татулық сақтауға

    Үйретеді бұл жол,

    Ризамыз Құдайға!

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Мінеки, жол! Міне, өмір жолы!

    Жалтақ болмай, берік ұстан оны.

    Шақыруын бұл Ехобаның,

    Қабыл алып, жүр жолменен осы.