150-ән
Күшімізді аямай берейік
-
Құдай бізге беріп Сөзін,
Көрсетеді бақыт көзін.
Қызмет етсек біз бел асып,
Жолдары көп, есік ашық.
Қайырмасы:
Береміз аямай
Бар күшімізді.
Қажет жерге барып, айтамыз
Хабарды ізгі.
-
Іс көп бүгін барлық жерде,
Кірісеміз қажет кезде.
Көп тер төгіп, тауып жолын,
Создық, міне, көмек қолын.
Қайырмасы:
Береміз аямай
Бар күшімізді.
Қажет жерге барып, айтамыз
Хабарды ізгі.
-
Жаңа жоба, бір жаңа іс,
Көңіл қойып, біз бастаймыз.
Үйренеміз тілді өзге,
Жетсін хабар барлық жерге.
Қайырмасы:
Береміз аямай
Бар күшімізді.
Қажет жерге барып, айтамыз
Хабарды ізгі.
(Жох. 4:35; Ел. іс. 2:8; Рим. 10:14 қараңыз.)