148-ән
Сен Ұлыңды қидың
-
Ехоба, Әкеміз,
Төлем бердің, рақмет.
Зор үміт сыйладың,
Шарасыз едік.
“Бір сенің еншіңде
Бұл күн мен ертең де.
Еркіңді мәңгіге
Орындаймыз” дедік.
Қайырмасы:
Бердің сен Ұлыңды,
Халқың болдық енді.
Жүрек толып алғысқа,
Мәңгі айтамыз бұл әнді.
-
Достығың, рақымың
Баурайды көңілді.
Жүректің төрінде
Тұр сенің атың.
Құтқардың сен бізді,
Өтеп құнымызды.
Бұл сый ең маңызды
Ұлыңды қиғаның.
Қайырмасы:
Бердің сен Ұлыңды,
Халқың болдық енді.
Жүрек толып алғысқа,
Мәңгі айтамыз бұл әнді.
Аяғы:
Ехоба, Әкеміз, қидың жалғызыңды.
Жаудырдық мың алғыс, қабыл ал дұғамызды.
(Жох. 3:16; Жох. 1-х. 4:9 қараңыз.)