Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

ГРУЗИЯ

Сүйіспеншілікке адамдар тосқауыл бола алмайды

Сүйіспеншілікке адамдар тосқауыл бола алмайды

КІШКЕНТАЙ Санель құрсақта жатқанда-ақ, дәрігерлер аман туылса да, денсаулығында ақау болатынын айтты. Туыла сала оған ота жасау қажет болды. Санельдің ата-анасы Абхазиядан қансыз ота жасайтын хирург таппайды. Өзіміз білетіндей, Абхазия Грузиядан тәуелсіздік алып кеткен.

Содан олар Абхазиядағы Ауруханалармен байланыс комитетімен (АБК) хабарласады *. Олардың қуанышына орай, АБК-дағы бауырластар мұндай хирургті Тбилисиден табады. Алайда Санельдің анасы әлі тым әлсіз болғандықтан, жол жүре алмайды. Содан Санельді Тбилисиге екі Куәгер әжесі апарады деген шешім қабылданады.

Күрделі ота сәтті аяқталды. Содан кейін Санельдің әжелері былай деп әңгімеледі: “Біз ауруханада 20 күннен ұзақ болдық. Көп грузин бауырлас халімізді білуге келді. Жанашырлықтарын танытып, көмектерін ұсынды. Бауырластардың мұндай сүйіспеншілігі жайлы бұрын қағаз бетінен оқушы едік, ал енді өз көзімізбен көрдік”.

^ 4-абзац Грузияда АБК-да қызмет ететін ақсақалдар қансыз ота жасауға келісетін 250-ден астам хирургпен байланыс орнатқан.