ГРУЗИЯ
Мен басыма бақ қонғандай сезімде едім
Мадона Канкия
-
ТУҒАН ЖЫЛЫ: 1962
-
ШОМЫЛДЫРУ РӘСІМІНЕН ӨТКЕН ЖЫЛЫ: 1990
-
ҚЫСҚАША МӘЛІМЕТ: Бұрын Грузияның Коммунистік Партиясының мүшесі болған. Мадона талай адамның шындыққа келуіне көмектесті. 2015 жылы Тбилисиде өткен Патшалықты жариялаушыларға арналған мектептің бірінші сыныбында оқыды.
1989 жылы шындық жайлы естігенде, өзім туып-өскен Сенаки қаласының Коммунистік Партиясының беделді мүшесі едім. Мен бүгіндегі парламентке теңеуге болатын Грузияның Жоғарғы Кеңесінде жиі отыратынмын. Атастырылып қойған жігітім де бар еді. Сондықтан өзімді басыма бақ қонған адамдай сезіндім.
Әкем мен анам жүрегіме Құдайға деген сүйіспеншілік ұялатқан еді. Сондықтан коммунист болсам да, Құдайға сенетінмін. Киелі кітапты зерттей бастағанымда, барлық сұрақтарыма қанағаттандырарлық жауап таптым. Бұл мені Ехобаға бағышталуға талпындырды. Бірақ отбасым мен жора-жолдастарым да, әріптестерім де, жігітім де менің шешіміме қарсы болды.
Жаңа ұстанымым үшін отбасым менен бас тартты. Сенімім саяси мансабыма да қайшы еді. Мен ең дұрысы — үйден кету, жігітіммен қатынасты үзу, жұмыстан да, Коммунистік Партия мен Жоғарғы кеңестің мүшелігінен де шығу деген тоқтамға келдім. Шомылдыру рәсімінен өткен соң, достарым мен отбасының қысымы күшейе түсті. Туған қалам Сенакиде жұрт мені жақсы танитындықтан, біраз шу болды. Сондықтан мен Кутаисиге көштім де, бірден ізашар болып қызмет ете бастадым.
Басқалар менен “сенімің басыңа түскен қиындықтардың орнын толтырды ма?” деп сұраса, ойланып жатпастан, қабылдаған шешіміме еш өкінбейтінімді айтамын. Ата-анам мен таңдаған жолды түсінбейді, әйтсе де жүрегіме Құдайға және өзгелерге деген сүйіспеншілік ұялатқаны үшін мен оларға ризамын. Мұның өмірде маған зор көмегі тиді.