Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

2016 жылдың тармағы

“Бауырластарды әрдайым жақсы көріңдер” (Еврейлерге 13:1)

2016 жылдың тармағы

“Көп адам... бір-бірін жек көретін болады... Көпшіліктің сүйіспеншілігі суып кетеді” (Мат. 24:10, 12). Осылайша Иса б. з. 70 жылы Иерусалим қаласының жойылуы қарсаңындағы жылдары адамдардың сүйіспеншілігі суып кететінін алдын ала айтқан. Ал оның шәкірттері, керісінше, сүйіспеншіліктерімен танылады деді (Жох. 13:35). Кейін елші Пауыл Иерусалимдегі еврей бауырластарға жазған хатында олардың өзара сүйіспеншілік танытып жүргендерін көрсетті және әрі қарай да бір-бірін сүйе беруге шақырды. Бұл сөздер оларға зор жігер бергені сөзсіз.

Қазір біз Шайтанның заманы түгелімен жойылатын уақытқа жақындап келеміз. І ғасырдағы бауырластар іспетті, біз де ақшаны, ләззат-ермекті жақсы көретін, тек қара бастарын ойлайтын, Құдайға және өзге адамдарға деген сүйіспеншіліктен жұрдай қоғамда өмір сүреміз (Тім. 2-х. 3:1—4). Алайда Ехоба куәгерлерінің арасындағы бауырластық сүйіспеншілік күннен күнге өркендеп жатыр. Осы қасиетіміз еш сарқылмасын, сонда сүйіспеншіліктің Құдайы Ехобаны мадақтаймыз!