Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

ИНДОНЕЗИЯ

Қылмыстық топ басшысының сыйлы азаматқа айналуы

Хисар Сормин

Қылмыстық топ басшысының сыйлы азаматқа айналуы
  • ТУҒАН ЖЫЛЫ: 1911

  • ШОМЫЛДЫРУ РӘСІМІНЕН ӨТКЕН ЖЫЛЫ: 1952

  • ҚЫСҚАША МӘЛІМЕТ: Бұрын қылмыстық топтың басшысы болған, кейін филиал комитетінің мүшесі болды.

БІР КҮНІ Хисар бауырлас бас прокурордың кеңсесіне Барлау қызметінің бастығымен кездесуге шақырылды.

“Сен индонезиялықсың ғой, шыныңды айтшы,— деді әлгі кісі.— Ехоба куәгерлері мұнда шын мәнінде не үшін жүр?”

“Сізге өзім туралы айтып берейін,— деді Хисар бауырлас.— Кезінде мен қылмыстық топтың басшысы болғанмын, ал қазір болса адамдарға Киелі кітап шындығын үйретіп жүрмін. Ехоба куәгерлерінің Индонезияда жүргендерінің мақсаты да осы. Олар мен сияқты жаман болған адамдарды елдің жақсы азаматы етеді!”

Барлау қызметінің бастығы кейін былай деген екен: “Ехоба куәгерлері жайлы көп шағым естимін. Бірақ бір білетінім, Хисар мырзаға өзгеруге көмектессе, бұл жаман дін емес”.