ДҮНИЕЖҮЗІ БОЙЫНША УАҒЫЗДАУ ЖӘНЕ ТӘЛІМ БЕРУ
Америка
-
ЕЛДЕР 57
-
ХАЛҚЫ 982 501 976
-
ЖАРИЯЛАУШЫЛАР 4 102 272
-
ЗЕРТТЕУ САБАҚТАРЫ 4 345 532
Далада шамның жарығымен өтетін зерттеу
Бразилияның шеткері аймағында арнайы ізашар ретінде қызмет ететін ерлі-зайыпты Валдира есімді әйелдің 13 жыл бұрын Киелі кітапты зерттегені жайлы естиді. Сөйтіп, олар шаңды жолмен жүріп, қауіпті өзен өткелдерінен өтіп, Валдирамен кездеседі. Ол зерттеуді жалғастыруды қатты қалады. Алайда алыс тұрғандықтан, онымен зерттеудің бір амалын табу керек
еді. Валдираның ұялы телефоны болғанымен, байланыс жақсы болу үшін ол үйінен алыс жердегі ашық алаңға бару керек еді. Оның үстіне, Валдираның тек кешкі тоғыздан кейін зерттеуге уақыты болатын. Енді елестетіп көріңізші, ұялы телефон ұстаған жас әйел жалғыз өзі қараңғы түнде далада отырып, шам жарығымен Киелі кітапты зерттейді.Валдира жексенбілік кездесудің бағдарламасын да ұялы телефон арқылы тыңдайды. Бұл үшін ол Киелі кітабын, “Күзет мұнарасын” және ән кітабын алып, далаға барады. Ал жаңбырлы күндері қолшатырын алып алады.
Наурыз айында Валдира 100 шақырымдай жердегі Патшалық сарайына барды. Онда португал тілінде қайта қарастырылған “Жаңа дүние аудармасының” шығуына орай кездесу өтті. Жаңа Киелі кітапты алғанда оның қуанышында шек болмады. Киелі кітапты зерттеуге көп күш салатыны үшін мақтау естігенде, Валдира: “Маған түк те қиын емес”,— деді.
“Бір күні болмаса, бір күні келетіндеріңді біліп едім”
Юкпа — Колумбияда тұратын Америка үндістеріне жататын халық. Фрэнк деген арнайы ізашар юкпа халқы тұратын аумақтардың біріне бармақ болғанда, сол жердің көсемі Джон Хайро туралы естиді. Ол кісі халыққа уағыздағысы келген бірнеше христиан ағымдарының уағыздаушыларын қуып жіберіпті. Бірде өздерінің дін қызметкері халықтан кірістерінің оннан бір бөлігін жинап жүргенін естігенде, аспанға оқ атып, оны алды-артына қаратпай айдап шыққан.
Фрэнк былай деп есіне алады: “Сол ауданға жеткенде, бізді бірінші болып тыңдаған адам сол Джон мырзаның қызы болып шықты! Біз “Киелі кітап шын мәнінде неге ” кітабын көрсеткенде, ол бірден: “Мен осы дінді ұстанғым келеді!”— деді. Сосын біздің келгеніміз жайлы әкесіне айтуға асықты. Әкесі бізді дереу шақыртты. Сол кезде біз біраз қобалжыдық. Бірақ аузымызды ашпай жатып ол былай деді: “Сендердікі ақиқат дін екенін білемін. Сегіз жыл бұрын мен Бесерриль қаласындағы қоқыс үйіндісінен сендер қызыма берген дәл осындай кітапты тауып алғанмын. Оны оқып шыққалы бері сендердің келгендеріңді күтіп жүрмін. Бір күні болмаса, бір күні келетіндеріңді біліп едім. Маған, отбасыма және бүкіл тұрғындарға Киелі кітапты үйреткендеріңді қалаймын. Сендер үшін есігіміз әрдайым ашық”. үйретеді?
Мұны естігенде, көзімізге жас үйірілді. Сосын бүкіл ауыл жиналып, уағызымызды тыңдады, ал Джон Хайро
сөздерімізді өздерінің тіліне аударып тұрды. Қайтарда ол бізге жүгімізді тасуға есегін бере тұрды. Қазір біз Джон Хайро мен оның қызын қоса алғанда, әртүрлі жерде тұратын 120 юкпа үндісімен 47 зерттеу сабағын өткіземіз”.Қудалаушы райынан қайтты
Бұрын дінге берілген католик болған Хосе Эквадорда тұрады. Ол былай деп жазды: “Мен Ехоба куәгерлерін қатты жек көретінмін. Оларды он жыл бойы қудаладым. Жұртты оларға қарсы айдап салатынмын, қоқан-лоқы көрсететінмін және оларға ұры деп айып тағатынмын. Ал кейін полиция оларды қамауға алғанда, камераларының есігіне өз қолыммен құлып саламын деп тұрып алатынмын. Бірде біз Куәгердің машинасының быт-шытын
шығардық. Ал басқа бір жолы олардың мотоциклін сайға лақтырып жібердік.2010 жылы мен доңыз тұмауын жұқтырып алдым. Денсаулығымды жақсарту үшін дәрігер маған Анд тауларында орналасқан үйімнен жағалаудағы жылы аймаққа көшуге кеңес берді. Сөйтіп, мен туысымның мұхит жағалауында орналасқан шағын фермасында тұра бастадым. Ақырында сол фермаға өзім қарайтын болдым. Жападан жалғыз қалып кеткендіктен, біреумен сөйлесуге зәру болдым. Сол кезде кім келді дейсіңдер ғой? Ехоба куәгерлері! Жалғыздықтан жабыққандықтан ғана олармен сөйлескен едім, Киелі кітапты жақсы білетіндеріне қатты таңғалдым. Содан қызық көріп Киелі кітапты зерттеуге келістім. Алты ай зерттегеннен кейін алғашқы рет қауым кездесуіне бардым. Ол жердегілердің танытқан сүйіспеншілігі мен мейірімділігіне қайран қалған мен “осылар Құдайдың шынайы қызметшілері емес пе екен?” деп ойланып қалдым. Бірте-бірте рухани өсіп, 2014 жылдың сәуір айында шомылдыру рәсімінен өттім.
Куәгерлерді қудалағаным үшін мен қатты қынжылатынмын. Бірақ Ехоба ренжіткен адамдарымнан кешірім сұрауға мүмкіндік беріп, біраз көңілімді орнықтырды. 2014 жылдың 4 қазанында өткен аудандық конгресте баяндамашы менен сұхбат алды. “Егер мүмкіндік берілсе, қудалаған адамдарыңның қайсысынан бірінші кезекте кешірім сұрағың келер еді?”— деп сұрады ол. Мен бірден Эдмундо бауырласты айттым. Бірақ оны қайдан табарымды білмеймін дедім. Сөйтсе, аудандық бақылаушы алдын ала шақыртқан Эдмундо сахнаның артында тұрған екен. Ол екеуіміз сахнада жылап, құшақтасып көріскенде, бауырластардың бәрі көздеріне жас алды”.
“Ехоба, Куәгерлерің мені тауып алсыншы”
Тал түсте, шыжыған күннің астында уағыздап жүрген бір топ әйел бауырлас Парагвайдың Асунсьон деген жерінде
учаскелерін аралап болған еді. Бірақ шаршағандарына қарамастан, олар жақын тұрған тағы бірнеше үйге кіріп-шығуды шешеді. Бір Куәгер: “Кім біледі, бәлкім, біреу дұға етіп жатқан шығар”,— деді. Бұрыштағы бір үйге барғанда, бір жас әйел шығып, қыз бауырластарды күлімсіреп қарсы алды. Ол: “Ехоба куәгерлерісіңдер ме?”— деп сұрады. Ол бір ай бұрын Боливиядан Парагвайға жұмыс бабымен көшіп келген екен. Бұрын Боливияда Киелі кітапты зерттепті. Бұл жердің адамдары Ехоба куәгерлерін қайдан табуға болатынын білмегендіктен, ол: “Ехоба, Куәгерлерің мені тауып алсыншы”,— деп дұға еткен екен. Бауырластар оған тап сол күні келіп, Киелі кітапты зерттеу сабағын бастады.