ӨТКЕН ЖЫЛДЫҢ АЙТУЛЫ ОҚИҒАЛАРЫ
Әділдің жолы жарқырай түсуде
ҚҰДАЙДЫҢ шынайы қызметшілері Ехобаны рухани жарықтың Қайнары деп білетіндіктен, одан “жарығы мен шындығы” арқылы жетелеуін сұрап әрдайым дұға етеді (Зәб. 43:3). Осы дүниені рухани түнек басқанымен, шынайы Құдай өз халқына жарығын түсіруде. Нәтижесінде олардың “жолы таң шапағы іспетті, тал түс болғанша жарқырай түседі” (Нақ. с. 4:18). Ехобадан келген жарықтың жарқырай түскенінің арқасында ұйымда тиімді өзгерістер жасалуда, ілімдер мен моральдық принциптер жақсырақ түсіндірілуде. Соңғы жылдары қандай ілімдерге қатысты жаңа түсініктер ашылды?