Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

СЬЕРРА-ЛЕОНЕ ЖӘНЕ ГВИНЕЯ

Құпия қоғамдар

Құпия қоғамдар

ҚҰПИЯ қоғамдар көбінесе Батыс Африкада кеңінен таралған. Олардың мүшелері — әртүрлі тайпадан, мәдениеттен және тілден шыққан адамдар. Бұл ұйымдар өз мүшелерінің қоғамдық, білім беру және саяси істерін қадағалап отырады. Алайда олар бірінші кезекте діни қоғам болып табылады. Құпия қоғамдардың ішінде ең үлкендері — поро (ерлерге арналған) және санде (әйелдерге арналған) *. Мысалы, поро қоғамы “рухтарды басқаруға тырысады және олардың ер адамдардың істеріне араласқаны пайдалы деп сендіреді” (“Initiation”, 1986).

Пороның жаңа мүшелері рухтарға қатысты құпиялар мен сиқырлы күштер жайлы үйренеді және денелерін тілгілеу рәсімін жасайды. Санденің жаңа мүшелері болған әйелдер де рухтармен байланысты рәсімдерді үйренеді және сүндетке отырғызылады. Алайда кейбір жерлерде мұндай сүндетке отырғызу доғарылған.

Басқа құпия қоғамдар жыныстық қатынасқа қатысты мәселелерді қадағалайды және есінен адасуды не басқа да ауруларды сиқырлық жолмен емдеуге тырысады. Сьерра-Леонеде болған азаматтық соғыс кезінде бір құпия қоғам өздерінің мүшелеріне оқ өтпейтінін айтқан. Әрине, бұл олай емес еді.

Бұл қоғамның мүшелеріне білгендері жайлы және жасайтын рәсімдері жайлы өзгелерге айтуға тыйым салынады. Ал құпия қоғамның заңдары мен ережелеріне бағынбайтындар өліммен жазалануы мүмкін.

^ 3-абзац Кей жерлерде санде қоғамы бондо деген атпен де белгілі.