Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

4-БӨЛІМ

Олардың Шайтанды тыңдағаны неге әкеп соқты?

Олардың Шайтанды тыңдағаны неге әкеп соқты?

Адам мен Хауа Құдайға мойынсұнбағандықтан өлді (Мұсаның 1-жазбасы 3:6, 23).

Хауа жыланды тыңдап, жемісті алып жеді. Ал кейіннен оны Адамға берді, ол да жеді.

Олардың істегені дұрыс емес еді, бұл күнә болатын. Сол үшін Құдай оларды жұмақтан қуып жіберді.

Олар өздері де, балалары да өмірдің көп ауыртпалығын көрді. Адам мен Хауа ақырында қартайып өлді. Олар көкке кеткен жоқ, жай тіршілік етуін тоқтатты.

Өлгендер топыраққа айналып, тіршілік етуін доғарады (Мұсаның 1-жазбасы 3:19).

Бәріміз Адам мен Хауадан тарадық, сондықтан ешкім өлімнен қашып құтыла алмайды. Өлілер көрмейді де, естімейді де, олар ештеңе істей алмайды (Уағыздаушы 9:5, 10).

Ехоба адамдардың өлгенін қаламаған. Жуырда ол өлгендерді қайта тірілтеді. Олар Құдайдың айтқанын тыңдаса, мәңгі өмір сүретін болады.