16-ТАРАУ
Шайтанға және оның залым әрекеттеріне қарсы тұрыңдар
“Шайтанға қарсы тұрыңдар, сонда ол сендерден безіп кетеді” (ЖАҚЫП 4:7).
1, 2. Шомылдыру рәсімінен өтушілерді көргенде кімдер қуанады?
ЕХОБАҒА қызмет етіп жүргеніңе біраз жыл болса, конгрестерде айтылатын шомылдыру рәсімінен өтушілерге арналған баяндамалардың талайын тыңдасаң керек. Конгресте қанша рет болғаныңа қарамастан, алдыңғы қатарлардағы шомылдыру рәсімінен өтушілер орындарынан тұрғанда, әлі де көңілің толқитын шығар. Залдағылар қуана күбірлесіп, арты ду қол шапалаққа ұласады. Тағы біраз адамның Ехобаның жағына шыққанын көргенде, сенің көзіңе жас үйірілетін болар. Неткен қуанышты сәттер!
2 Біз шомылдыру рәсімін жылына бірнеше рет қана көретін шығармыз, ал періштелердің мұндай мүмкіндігі әлдеқайда көп. Апта сайын дүниежүзі бойынша мыңдаған адамның Ехобаның ұйымына қосылып жатқаны ‘көктегілерді’ қалайша қуантатынын елестете аласың ба? (Лұқа 15:7, 10). Осындай өсімді көргенде, олардың шат-шадыман болатынында сөз жоқ! (Нағай 2:7).
ІБІЛІС ‘АҚЫРҒАН АРЫСТАНДАЙ ТОРУЫЛДАП ЖҮР’
3. Неге Шайтан ‘ақырған арыстандай торуылдап жүр’ және оның мақсаты қандай?
3 Алайда шомылдыру рәсімін көргенде, қатты ашуланатын рухани жаратылыстар бар. Мыңдаған адамның қазіргі зұлым дүниеден шығып жатқаны Шайтан мен жын-перілердің зығырданын қайнатады. Өйткені кезінде Әйүп 2:4, 5). Әрбір адамның Ехобаға бағышталғаны Шайтанның өтірікші екенін дәлелдейді. Былайша айтқанда, апта сайын Шайтанның жағына мыңдаған шапалақ тиеді. Олай болса, оның ‘ақырған арыстандай кімді жалмасам деп торуылдап жүргеніне’ таңғалмасақ та болады (Петірдің 1-хаты 5:8). Бұл ‘арыстанның’ көксегені — Ехобамен қарым-қатынасымызды бұзу не тіпті оны үзу арқылы бізді жалмау (Забур 7:2, 3; Тімотеге 2-хат 3:12).
Шайтан бірде-бір адамның Ехобаға риясыз қызмет етпейтінін және ауыр сынақта оған адал болып қалмайтынын мақтана айтқан еді ғой (Әрбір адам Ехобаға бағышталып, шомылдыру рәсімінен өткенде, Шайтанның өтірікші екені дәлелденеді
4, 5. а) Қандай екі нәрсеге Шайтанның билігі жүрмейді? ә) Шынайы мәсіхшілер не нәрсеге сенімді бола алады?
4 Жауымыз айбатты болғанмен, жан ұшыра қорқуға еш себеп жоқ. Неге? Өйткені Ехоба сол ‘ақырған арыстанның’ билігіне шек қойған, анығырақ айтқанда, Шайтанның Аян 7:9, 14). Ал оның сөзі әрқашан жүзеге асады. Сондықтан Құдай халқын түгелдей жолдан тайдыра алмайтынын тіпті Шайтанның өзі де білу керек.
екі нәрсеге билігі жүрмейді. Қандай нәрселерге? Біріншіден, Ехоба алдағы ауыр азапта шынайы мәсіхшілерден тұратын “өте үлкен тобырдың” аман қалатынын алдын ала айтқан (5 Оның билігі жүрмейтін екінші нәрсе ерте замандағы Құдайдың адал қызметшісінің сөзінен көрінеді. Әзариях пайғамбар Аса патшаға: “[Ехобамен] бірге жүрсеңдер, [ол] сендермен бірге болады”,— деген (Шежірелер 2-жазба 15:2; Қорынттықтарға 1-хат 10:13). Киелі кітаптағы көптеген мысалдардан көрінетіндей, Шайтан Құдаймен тығыз қарым-қатынаста болған ежелгі қызметшілерінің ешқайсысын да жалмай алмаған (Еврейлерге 11:4—40). Бүгінде де Құдаймен тығыз қарым-қатынасын сақтаған мәсіхшілер Ібіліске қарсы тұрып, тіпті оны жеңе алады. Құдай Сөзінде: “Шайтанға қарсы тұрыңдар, сонда ол сендерден безіп кетеді”,— деген сенімділік беретін сөздер жазылған (Жақып 4:7).
‘БІЗ ЗҰЛЫМ РУХТАРҒА ҚАРСЫ КҮРЕСУДЕМІЗ’
6. Шайтан қалай әрбір мәсіхшімен жеке күреседі?
6 Шайтан рухани соғыста жеңімпаз бола алмағанмен, сергек болудан қалсақ, әрқайсымызды жеке жеңе алады. Ол Ехобамен қарым-қатынасымызды әлсірету арқылы бізді жалмауға болатынын біледі. Бұған қол жеткізу үшін ол қандай тәсілдер қолданады? Шайтан бізге бар пәрменімен, әрбірімізге жеке және зымияндықпен шабуыл жасайды. Қазір оның осы негізгі тәсілдерін қарастырайық.
7. Неге Шайтан Ехобаның халқына бар пәрменімен шабуыл жасауда?
7 Пәрменді шабуыл. Елші Жохан: “Бүкіл дүниеге шайтан билігін жүргізіп отыр”,— деген (Жоханның 1-хаты 5:19). Бұл сөздер барлық шынайы мәсіхшілер үшін ескерту болып табылады. Шайтан зұлым адамзат қоғамын түгел “жалмап” қойған, сондықтан бар назарын осы уақытқа дейін қармағына іліктіре алмаған Ехобаның халқына аударып, шабуылын үдетуде (Миха 4:1; Жохан 15:19; Аян 12:12, 17). Уақытының аз қалғанын білгендіктен ол қатты ашулы. Сондықтан қысымын күшейтуде. Біз бүгінде Шайтан әбден қаһарына мініп, бізді құрту үшін қолынан келгеннің бәрін істеп жатқан кезде өмір сүрудеміз. Сол себепті әсіресе қазір “қандай заманда өмір сүріп жатқанымызды” түсінуіміз және не істеуіміз керектігін білуіміз керек (Римдіктерге 13:11, 12).
8. Елші Пауыл “зұлым рухтарға қарсы күресудеміз” деуімен не айтқысы келген?
8 Жеке күреске түсу. Елші Пауыл мәсіхшілерге: “[Біз] көзге көрінбейтін дүниедегі зұлым рухтарға қарсы күресудеміз”,— деген (Ефестіктерге 6:12). Неге ол ‘күрес’ деген сөзді қолданған? Өйткені бұл сөз қоян-қолтық айқасу, белдесу деген ойды береді. Осылайша Пауыл бұл сөзді қолдануымен зұлым рухтармен әрқайсымыздың жеке күресетінімізге баса назар аударған. Өзіміз тұратын жерде зұлым рухтарға сену кең тараған ба, жоқ па — мынаны есте ұстауымыз керек: біз өмірімізді Ехобаға бағыштағанда, бейнелеп айтқанда, палуандар кілеміне аяқ бастық. Осылай еткен әрбір мәсіхші үшін енді артқа қайтар жол жоқ. Олай болса, елші Пауылдың Ефестегі мәсіхшілерді табанды болуға бірнеше рет шақырғаны таңғалдырмайды (Ефестіктерге 6:11, 13, 14).
9. а) Неге Шайтан мен оның зұлым рухтары әртүрлі “залым әрекеттер” жасайды? ә) Неге Шайтан біздің санамызды улауға тырысады және біз бұған қалай қарсы тұра аламыз? (“ Шайтанның зымияндығынан сақ бол!” деген қоршауды қара.) б) Қазір Шайтанның қандай залым әрекетін қарастырамыз?
9 Зымиян айла-тәсілдер. Пауыл мәсіхшілерді Шайтанның “залым әрекеттеріне” тойтарыс беруге шақырған (Ефестіктерге 6:11 ЖД). Пауылдың “әрекет” сөзін көпше түрде қолданғанына назар аударшы. Демек, зұлым рухтар әртүрлі айла-амал қолданады әрі бұлары нәтижесіз емес те. Кей мәсіхшілер қандай да бір сынақ кезінде адал болып қалғанмен, өзге бір сынаққа кезіккенде мінсіздіктерін сақтап қала алмаған. Ібіліс пен оның жындары әлсіздіктерімізді біліп алу үшін әрбіріміздің іс-әрекетімізді мұқият бақылайды. Сосын, оларды рухани күйімізді әлсірету үшін пайдаланады. Қуанышымызға орай, біз Ібілістің көптеген тәсілдерін Киелі кітаптан біле аламыз (Қорынттықтарға 2-хат 2:11). Осы кітаптың басында біз оның дүниеқұмарлық, жаман орта және өнегесіздікті қалай қолданатынын қарастырдық. Ал қазір Шайтанның өзге бір залым әрекеті — спиритизмге тоқталайық.
СПИРИТИЗММЕН АЙНАЛЫСУ САТҚЫНДЫҚҚА ЖАТАДЫ
10. а) Спиритизм деген не? ә) Ехоба спиритизмге қалай қарайды, ал сен ше?
10 Спиритизммен айналысатын адам зұлым рухтармен тікелей байланыс жасайды. Спиритизмге бал ашу, сиқырлық жасау, дуалау, өлілерден көмек сұрау сияқты нәрселер жатады. Өзіміз жақсы білетіндей, спиритизм Ехоба үшін жеркенішті (Заңды қайталау 18:10—12; Аян 21:8). Біз де ‘жамандықтан аулақ жүруге’ тиіспіз, сондықтан зұлым рухтармен байланысу ойымызға да келмейді (Римдіктерге 12:9). Мұндай сорақы әрекет көктегі Әкеміз Ехобаға қарсы жасалған барып тұрған сатқындық болар еді!
11. Бізді спиритизмге бет бұруға еліктіре алса, Шайтан үшін бұл неге үлкен жеңіс болар еді? Мысалмен түсіндір.
11 Алайда Шайтан дәл осы себеппен, яғни спиритизмге азды-көпті араласқанымыз Ехобаға сорақы сатқындық жасау болып есептелетіндіктен, бізді сондай істерге араластыруды көксейді. Мәсіхшіні жындармен байланысуға еліктіре алған әрбір жағдай — Шайтан үшін үлкен жеңіс. Қалайша? Мұны мынадай жайтпен салыстыруға болады: сарбаз өз әскерін тастап, жауларына сатылып кетсе, олардың әскербасының төбесі көкке жетер еді. Ол тіпті опасыз сарбазды бұрынғы әскербасының бетіне салық
қылар еді. Сол сияқты, мәсіхші спиритизмге бет бұрса, өз еркімен әрі біле тұра Ехобадан бас тартып, Шайтанның қол астына барған болар еді. Шайтан соғыстан түскен “олжасына” қалайша қуанар еді десеңші! Ібілістің осылай жеңіске жеткенін қайсымыз қалар едік? Әрине ешқайсымыз! Біз сатқын емеспіз ғой.КҮМӘН ТУДЫРАТЫН СҰРАҚТАР КӨТЕРУ
12. Спиритизмге қатысты ойымызды өзгерту үшін Шайтан қандай әдіс қолданады?
12 Спиритизмге жоламайтын болсақ, біздің жағдайымызда Шайтан үшін бұл тиімді тәсіл болмайды. Сондықтан ол біздің ой қалпымызды өзгертуге тырысады. Қалай? Мәсіхшілер “жақсыны жаман, жаманды жақсы” деп қарастыра бастау үшін Шайтан оларды адастырудың жолдарын іздейді (Ишая 5:20). Ол уақыт сынағынан өткен тәсілдерінің біріне жүгінеді. Бұл — күмән тудыратын сұрақтар көтеру.
13. Шайтан күмән тудыратын сұрақтарды қалай қолданған?
13 Шайтанның бұл тәсілді ерте заманда қалай қолданғанын қарастырып көрейік. Едем бағында ол Хауадан: “Құдай сендерге бақтағы ешбір ағаштың жемісін жемеңдер деп шынымен айтты ма?”— деп сұрады. Әйүптің заманында ол Құдай алдына келген періштелердің арасында тұрып: “[Әйүп] тегіннен-тегін Құдайдан қорқатын ба еді?”— деген сұрақ көтерді. Ал Исаның жердегі қызметінің басында Шайтан оны: “Құдайдың рухани Ұлы болсаң, мына тастар нанға айналсын деп бұйыра гөр!”— деп сынады. Ойлап көрші, Шайтан алты аптадай уақыт бұрын Ехобаның өзі айтқан: “Бұл Менің сүйікті рухани Ұлым, Оған толықтай ризамын!”— деген сөздерін күлкі етті! (Жаратылыс 3:1; Әйүп 1:9; Матай 3:17; 4:3).
14. а) Шайтан санаға күмән себу әдісін спиритизмге қатысты қалай қолданады? ә) Қазір біз нені қарастырамыз?
14 Бүгінде Ібіліс спиритизмнің зиян екендігіне күмән тудыру үшін осы әдісті қолданады. Өкінішке орай, кейбір мәсіхшілер оның осы тұзағына түсіп қалып, спиритизмнің Қорынттықтарға 2-хат 11:3). Оларға ой қалыптарын түзетуге қалай көмектесе аламыз? Шайтанның қармағына түсіп қалмау үшін не істеуімізге болады? Осы орайда, Шайтан спиритизммен байланысы бар әрекеттерді байқатпай араластырып жіберетін екі саланы — көңіл көтеру мен денсаулық мәселесін — қарастырайық.
кейбір түрлерінің шын мәнінде зиян екеніне күмәндана бастаған. Былайша айтқанда, олар: “Бұл шынымен де зиян ба?”— деген ойға келеді (ШАЙТАН ҚАЛАУЛАРЫМЫЗ БЕН ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІМІЗДІ ПАЙДАЛАНАДЫ
15. а) Батыста көп адам спиритизмге қалай қарайды? ә) Спиритизмге деген осы дүниелік көзқарас кейбір мәсіхшілерге қалай әсер еткен?
15 Адамдардың оккультизм, сиқыршылық және спиритизмнің басқа да түрлеріне жеңіл-желпі қарайтын болып бара жатқаны әсіресе Батыс елдерінде байқалады. Фильмдер, кітаптар, теледидар бағдарламалары мен компьютер ойындарында спиритизммен айналысу ақылдылықтың белгісі ретінде және қызықты әрі зиянсыз етіп көрсетіледі. Оқиға желісі оккультизмге негізделген кейбір фильмдер мен кітаптардың көпке танымал болып кететіні соншалық, олардың фанатиктері қолдаушылар топтарын құрып жатады. Иә, оккультизмнің қаупін азайтып көрсетуде жын-перілердің “жетістікке” жетіп жатқаны анық. Көпшіліктің спиритизмге жеңіл-желпі қарайтыны мәсіхшілерге әсер ете ме? Иә, кейбірінің ой-санасына әсер еткен. Қалай? Мысалы, бір мәсіхші оккультивтік фильм көргеннен кейін: “Мен спиритизммен айналысқан жоқпын, жай ғана фильм көрдім”,— деді. Бұл — жиі кездесетін көзқарас. Бірақ бұлай ойлау неге қауіпті?
16. Оккультивтік әрекеттер көрініс табатын көңіл көтеру түрлерін таңдау неге қауіпті?
16 Рас, спиритизммен айналысу мен оны көрудің айырмашылығы бар, алайда бұл оккультивтік әрекеттерді көру еш қауіпсіз дегенді білдірмейді. Неге? Мына *. Сондықтан, жоғарыда айтылғандай, ойымызды және әлсіз тұстарымызды біліп алу үшін зұлым рухтар, қалай көңіл көтеретінімізді қоса алғанда, іс-әрекеттерімізді мұқият бақылау керек. Мәсіхшінің іс-әрекетінен аруақтарды шақырушылар, жын соққандар, дуалау туралы немесе осы сияқты тақырыптағы фильмдер мен кітаптарды ұнататыны көрінсе, бұл оның жындарға хабар жібергені болады. Басқаша айтқанда, ол жындарға өзінің әлсіз тұстарын ашып береді! Ал олар болса осыны пайдаланып, бейнелеп айтқанда, мәсіхшінің жауырынын жерге тигізгенше, онымен күресті күшейте береді. Кейбіреулердің спиритизмге деген қызығушылығының оянуына оккультивтік әрекеттер көрініс табатын көңіл көтеру түрлері түрткі болған, ал ақырында олар сонымен айналыса бастаған (Ғалаттықтарға 6:7).
жайлы ойланып көрші: Құдай Сөзіне сай, Шайтан да, оның жын-перілері де біздің ойымызды оқи алмайды17. Шайтан науқас адамға қандай зымияндық жасауы мүмкін?
17 Шайтан демалып сергуге деген қалауымызды ғана емес, денсаулығымызды түзетуге деген қажеттілігімізді де пайдалануға тырысады. Қалай? Денсаулығы нашар мәсіхші қанша күш салғанымен, айыға алмаса, ұнжырғасы түсуі мүмкін (Марқа 5:25, 26). Бұл Шайтан мен жын-перілерге оның осындай күйін пайдалануға қолайлы мүмкіндік тудырады. Олар Құдай Сөзінде “зұлымдық жасаушылардан көмек” іздемеуге қатысты ескерту бар екенін жақсы біледі (Ишая 31:2 ЖД). Жындар шарасы қалмаған мәсіхшіні осы ескертуді елеусіз қалдыруға итермелеу үшін “табиғаттан тыс күшпен”, не спиритизммен, байланысы бар емшараларға жүгінуге (ал бұл — барып тұрған зұлымдық) еліктіруі мүмкін (Ишая 1:13 ЖД). Науқас адам олардың осы қармағына түссе, оның Құдаймен қарым-қатынасына нұқсан келуі ықтимал. Қалай?
18. Мәсіхші қандай емшаралардан бас тартады және неге?
18 Ехоба “табиғаттан тыс күшке” жүгінген исраилдіктерді: “Сендер қолдарыңды жайып Маған сиынғанда назар аудармаймын. Қаншама көп мінажат етсеңдер де, Мен құлақ салмаймын”,— деп ескерткен (Ишая 1:15). Әрине, біз әрқашан, әсіресе науқастанып жүргенде, дұғаларымыздың Ехобаға жетуіне кедергі жасайтын және оның көмегінен құр алақан қалдыратын кез келген нәрседен аулақ жүргіміз келеді (Забур 40:4). Сондықтан белгілі бір диагностиканың не емшараның спиритизммен байланысы бар екені байқалса, шынайы мәсіхші одан бас тартады * (Матай 6:13). Сонда ол Ехобаның қолдауынан айырылып қалмайды. (“ Бұл спиритизмге жата ма?” деген қоршауды қара.)
ЖЫН-ПЕРІЛЕР ТУРАЛЫ ӘҢГІМЕЛЕР КӨП БОЛҒАНДА
19. а) Ібіліс өзінің құдіретіне қатысты көп адамды не нәрсеге сендірген? ә) Шынайы мәсіхшілер қандай әңгімелерден аулақ жүрулері керек?
19 Батыс елдерінде көп адам Шайтанның ықпалының
қауіпті екеніне жеңіл-желпі қараса, дүниенің басқа шетінде керісінше жағдай орын алған. Ібіліс көп адамды, шындығында олай болмаса да, өзінің аса зор құдіреті бар дегенге сендірген. Кейбіреулер жатса да, тұрса да, ішсе де, жесе де — бәрін зұлым рухтардан қорқып істейді. Ел аузынан жын-перілердің құдіретті істері жөнінде әңгімелер үзілмейді. Адамдар жиі мұндай әңгімелерді майын тамызып айтады, ал жұрт ұйып тыңдайды. Оларды біз де айтуымыз керек пе? Жоқ. Шынайы Құдайдың қызметшілері маңызды екі себеппен бұлай етпейді.20. Қалай адам өзі аңдамай Шайтанның ойын таратуы мүмкін?
20 Біріншіден, жын-перілердің “ерен істерін” әңгімелейтін адам Шайтанның мүддесіне қызмет етеді. Қалайша? Құдай Сөзі Шайтанның керемет істер жасай алатынын растайды, бірақ оның істерінің ‘алдамшы’ екенін де айтып ескертеді (Салониқалықтарға 2-хат 2:9, 10). Өтірік айтуға ұста Шайтан спиритизмге бір табан жақын адамдардың санасына қалай әсер етуді және оларды жалған нәрселерге қалай сендіруді біледі. Олар естіп-көргендеріне бар көңілімен сеніп, шындық ретінде өзгелерге айтатын шығар. Ал уақыт өте келе, бұл әңгіме ауыздан-ауызға өтіп, әсіреленіп кетеді. Егер мәсіхші осындай әңгімені айтса, былайша айтқанда, “өтіріктің бастауы” Ібілістің еркін орындап, соның ойын таратар еді (Жохан 8:44; Тімотеге 2-хат 2:16).
21. Біз не нәрсені әңгімемізге арқау еткіміз келеді?
21 Екіншіден, тіпті мәсіхшінің өзі кезінде зұлым рухтармен байланыста болған болса да, басынан өткізген жайттарды ермек үшін бауырластарға айта бергені дұрыс болмас еді. Неге? Киелі кітап бізді “сеніміміздің Басшысы және Кемелділікке жеткізушісі Исадан көзімізді тайдырмауға” шақырады (Еврейлерге 12:2 ЖД). Иә, біз бар назарымызды Шайтанға емес, Иса Мәсіхке аударамыз. Ескеруге тұратын бір жайт — жерде болған кезінде Иса Шайтанның не істей алатыны және не істей алмайтыны туралы көп білсе де, ермек үшін шәкірттеріне зұлым рухтар жайында әңгімелер айтпаған. Қайта, бар назарын Патшалық туралы хабарды таратуға аударған. Сондықтан біз Иса мен елшілерге еліктеп, “Құдайдың ұлы істерін” әңгімемізге арқау еткіміз келеді (Елшілердің істері 2:11; Лұқа 8:1; Римдіктерге 1:11, 12).
22. ‘Көктегілерді’ қуанту үшін біз не істеуді доғармауымыз керек?
22 Рас, Ехобамен қарым-қатынасымызды бұзу үшін Шайтан, спиритизмді қоса алғанда, сан алуан амал-айлаларды қолданады. Алайда жамандықтан қашық, жақсылыққа асық болу арқылы біз Ібіліске спиритизмнің кез келген түрінен аулақ болуға деген шешімімізден айнытуға еш мүмкіндік бермейміз (Ефестіктерге 4:27). Шайтан құрып жоқ болғанша, оның қастық іс-әрекеттеріне тойтарыс беру үшін берік тұратын болсақ, “көктегілер” қалай қуанатынын ойлап көрші! (Ефестіктерге 6:11).
^ 16-абзац Шайтанның болмысына сай берілген Қарсылас, Жалақор, Азғырушы, Әзәзіл, Өтірікші деген есімдері ол біздің көңіліміз бен санамыздағы ойымызды оқи алады дегенді білдірмейді. Ехоба болса Киелі кітапта ‘адамның жүрегін сынаушы’, ал Иса ‘жүректің түкпір-түкпірін тексеруші’ ретінде суреттелген (Нақыл сөздер 17:3; Аян 2:23).
^ 18-абзац Келесі басылымдардан көбірек мәлімет табуға болады: “Күзет мұнарасы” (ор.) 1994 жыл, 15 желтоқсан 19—22-беттер және “Ояныңдар!” (ор.) 2001 жыл, 8 қаңтар 26, 27-беттер.