5-САБАҚ
Сауатты оқу
ҮЙРЕНУ ЖОЛДАРЫ:
-
Жақсылап дайындалу. Мәліметтің қандай мақсатпен жазылғанын түсініп алыңыз. Әр сөзді жеке-жеке емес, топтастырып оқып жаттығыңыз. Оқығанда артық сөз қоспаңыз, сөзді тастап кетпеңіз не оны басқа сөзбен алмастырып жібермеңіз. Тыныс белгілерін ескеріңіз.
-
Әр сөзді дұрыс айту. Егер қандай да бір сөздің айтылымын білмесеңіз, сөздіктен қараңыз, басылымның аудиожазбасын тыңдаңыз, я болмаса жақсы оқитын адамнан сұраңыз.
-
Анық сөйлеу. Оқығанда басыңызды көтеріп, ауыз қуысын кеңірек ашыңыз. Барлық буынды анық айтуға тырысыңыз.