60-САБАҚ
Рухани алға баса беріңіз
Мінеки, сіз Киелі кітап сабақтарына арналған курсты тамамдап қалдыңыз. Осы курстың барысында Ехоба жайлы өте көп нәрсе білдіңіз. Содан Ехобаға деген сүйіспеншілігіңіз оянып, барған сайын күшейе түскен шығар. Сөйтіп, оған өміріңізді бағыштап, шомылдыру рәсімінен өткен де боларсыз. Я болмаса осы қадамдарды жасауды ойлап жүрген шығарсыз. Бірақ шомылдыру рәсімінен өткеннен кейін де Ехобамен достығыңызды нығайта беруіңіз керек. Ехобаға мәңгілік бойы жақындай беруге болады.
1. Неге Ехобамен достығыңызды нығайта беруіңіз керек?
Ехобамен достығымыз бекем болып қалу үшін бізге аянбай күш салу керек. Әйтпесе “тірі Құдайдан алыстап” кетеміз (Еврейлерге 3:12). Әрине, біз Ехобаға адал қызмет еткіміз келеді. Ол үшін не істеуіміз қажет? Уағыз ісіне белсене атсалысуымыз керек және Құдайға көбірек қызмет етудің басқа да жолдарын іздеуіміз керек (Філіпіліктерге 3:16 оқыңыз). Себебі Ехобаға қызмет етуден артық бақыт жоқ! (Зәбүр 84:10).
2. Біз тағы не істеуіміз қажет?
Бұл курс аяқталғанмен, мәсіхші ретінде өміріңіз жалғаса береді. Киелі кітапта бізге “жаңа болмысқа ие болыңдар” деген кеңес берілген (Ефестіктерге 4:23, 24). Сіз Құдай Сөзін зерттегенде және қауым кездесулеріне барғанда, Ехоба мен оның қасиеттері жайлы көбірек біле түсесіз. Білген сайын “Ехобаға қалай еліктесем болады?” деп ойланып көріңіз. Өзгеруіңіз керек болса, өзгеріңіз, сөйтіп, Ехобаны қуантыңыз.
3. Рухани алға баса беруге Ехоба сізге қалай көмектеседі?
Киелі жазбаларда: “Құдайдың өзі тәлімдеріңді ақырына дейін жеткізіп, сендерді нығайтып, күшейтеді, негіздеріңді берік етеді”,— деп жазылған (Петірдің 1-хаты 5:10). Бәріміз де бұрыс нәрсені істеуге елігіп жатамыз. Сондай кезде беріліп қалмауға бізге Ехоба көмектеседі (Зәбүр 139:23, 24). Ол адал қызмет етуіміз үшін ықылас та, күш те беремін деп уәде етеді (Філіпіліктерге 2:13 оқыңыз).
ТЕРЕҢІРЕК ҮҢІЛІҢІЗ
Рухани алға басу үшін не істеу керектігін және Ехоба сізді қалай жарылқайтынын білейік.
4. Ехобамен араласып, сырлас дос болыңыз
Дұға мен Киелі кітапты зерттеудің арқасында сіз Ехобамен дос болдыңыз. Бұл жақсы әдеттер сізге Ехобаға одан сайын жақындауға қалай көмектеседі?
Зәбүр 62:8 оқып, мына сұрақты талқылаңыздар:
-
Ехобамен достығыңызды бекемдеу үшін дұғаңызды қалай жақсарта аласыз?
Зәбүр 1:2 және сілтемені оқып, төмендегі сұрақты талқылаңыздар:
-
Ехобамен достығыңызды бекемдеу үшін Киелі кітап оқуыңызды қалай жақсартсаңыз болады?
Жеке зерттеуіңізді қалай мазмұнды әрі мағыналы етуге болады? Осыған қатысты БЕЙНЕРОЛИКТІ көріңіздер, сосын төмендегі сұрақтарды талқылаңыздар:
-
Қай кеңесті қолданып көргіңіз келер еді?
-
Қандай тақырыптарды зерттегіңіз келеді?
5. Рухани мақсаттар қойыңыз
Рухани мақсаттарыңыз болса, рухани алға басасыз. БЕЙНЕРОЛИКТІ көріп, мына сұрақты талқылаңыздар:
-
Камерон рухани мақсаттар қойғанының қандай пайдасын көрді?
Уағыздау үшін көбіміз басқа елге көше алмайтын шығармыз, бірақ бәріміз үшін қолжетімді мақсаттар бар. Нақыл сөздер 21:5 оқыңыздар, сосын қандай мақсаттар қоя алатыныңызды қарастырыңыздар:
-
қауымда;
-
уағызда.
Осы тармақтағы принцип мақсаттарыңызға жетуге қалай көмектесе алады?
Ой салар мақсаттар
-
Дұғаны жақсарту.
-
Киелі кітапты түгел оқып шығу.
-
Қауымдағы барлық бауырласпен танысу.
-
Біреумен Киелі кітап сабағын өткізу.
-
Қосалқы я тұрақты ізашар болу.
-
Ер бауырлас болсаңыз, қызмет көмекшісі болу.
6. Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз!
Зәбүр 22:26 оқып, мына сұрақты талқылаңыздар:
-
Өмірдің рақатын қазір және мәңгі бақи көру үшін не істей аласыз?
ТҮЙІНДЕМЕ
Ехобамен достығыңызды нығайта беріңіз және рухани мақсаттар қойыңыз. Сонда өмірдің рақатын мәңгі бақи көресіз!
Қайталау
-
Ехоба адалдықпен қызмет етуіңізге көмектесетініне неге сенсеңіз болады?
-
Ехобамен достығыңызды қалай бекемдей аласыз?
-
Рухани мақсаттар алға басуыңызға қалай көмектеседі?
ҚОСЫМША ІЗДЕНІҢІЗ
Ехоба үшін қайсысы бағалырақ: бір рет ерлік жасап адал болғанымыз ба, әлде күн сайын адалдық танытқанымыз ба?
Ехобаның адал қызметшілері де кейде жабырқап жатады. Сондайда қуанышты қалай жандандыруға болады?
“Зерттеу мен ой жүгірту арқылы қуанышыңды қайта жандандыр” (5:25)
Рухани мақсаттар қою үшін не істеуге болатынын оқып көріңіз.
“Мақсаттарыңыз Құдайды даңқтасын” (“Күзет мұнарасы” (ор.), 15 шілде, 2004)
Неліктен мәсіхші ретінде толысу керек және бұған қалай жетуге болады?
“Ехобаның ұлы күні жақындап қалғандықтан, рухани жетілу үшін алға басыңдар” (“Күзет мұнарасы”, 15 мамыр, 2009)