13-САБАҚ
Жалған діндер қалай Құдайды қорлайды?
Егер Құдай Тағала бір-біріңді сүйіңдер деп үйретсе, неге оның атынан сөйлеп, оның атынан әрекет ететін діндер зұлым істерді көп жасайды? Бір сөзбен айтқанда, бұл діндердің бәрі жалған. Сондықтан олардың айтатындары мен іс-әрекеттері Құдайдың атына кір келтіреді. Қалай? Олардың бұл қылығына Құдай қалай қарайды? Ол жалған дінмен не істейді?
1. Жалған діндер үйрететін ілімдерімен қалай Құдайды қорлайды?
Жалған діндер “Құдайдың шындығын жалғандыққа ауыстырды” (Римдіктерге 1:25). Мысалы, көп діндер Құдайдың есімі бар екенін адамдарға үйретпейді. Ал Киелі кітапта болса Құдайдың есімін айту керек деп жазылған (Римдіктерге 10:13, 14). Кейбір діни жетекшілер бір сұмдық жағдай болса, бұл Құдайдың жібергені деп жатады. Бірақ бұл — жалған сөз. Өйткені Құдай ешқашан жамандық жібермейді (Жақып 1:13 оқыңыз). Өкінішке қарай, діндегі осындай өтіріктер адамдарды Құдайдан алшақтатады.
2. Жалған діндер іс-әрекеттерімен қалай Құдайды қорлайды?
Жалған діндер Ехоба сияқты емес, олар адамдарды ойламайды. Киелі кітапта жалған діндердің “күнәлары көбейіп көкке жетті” делінген (Аян 18:5). Ғасырлар бойы діндер саясатқа араласып, соғыстарға батасын беріп келеді, осылай олар сан мыңдаған адамның өліміне себепші болып отыр. Кейбір діни жетекшілер шалқып өмір сүргісі келгендіктен, өз діндестерінен ақша сұрайды. Олардың осындай іс-әрекеттері Құдайды мүлдем білмейтінін көрсетеді. Олай болса, Құдайдың атынан сөйлеуге олардың құқы бар ма? (Жоханның 1-хаты 4:8 оқыңыз).
3. Құдай жалған діндерге қалай қарайды?
Егер жалған діндердің іс-әрекеті сіздің ашуыңызға тисе, онда Ехоба не сезінеді деп ойлайсыз? Ехоба адамдарды жақсы көреді, бірақ өзі туралы өтірік айтатын және діндестерін еш ойламайтын діни жетекшілерге ашуы келеді. Ол жалған діндер жойылады деп уәде етеді, сонда оларды “енді қайтып таппайсың” (Аян 18:21). Иә, жуырда Құдай барлық жалған діндердің тамырына балта шабады (Аян 18:8).
ТЕРЕҢІРЕК ҮҢІЛІҢІЗ
Құдайдың жалған дінге қатысты көзқарасы туралы көбірек білейік. Жалған діннің не істегенін, бірақ бұл неге Ехобаны танып-білуге сізге кедергі жасамау керектігін білейік.
4. Құдай барлық дінді құп көре ме?
Көп адамдардың ойынша, діндер жол сияқты: олар әртүрлі болғанымен, барлығы бір Құдайға апарады. Бірақ бұл шынымен солай ма? Матай 7:13, 14 оқып, келесі сұрақты талқылаңыздар:
-
Киелі кітап өмірге апаратын жолды қалай сипаттайды?
БЕЙНЕРОЛИКТІ көріп, сосын төмендегі сұрақты талқылаңыздар:
-
Киелі кітап Құдайға ұнайтын дін көп деп үйрете ме?
5. Жалған діндер Құдайдың сүйіспеншілігін тұмшалайды
Діндер көптеген істерімен Хақ Құдайдың атына кір келтіріп жатады. Сондай сорақы істерінің бірі – соғысқа қатысқандары. БЕЙНЕРОЛИКТІ қойып, соның бір мысалын көріңіздер. Сосын келесі сұрақтарды талқылаңыздар:
-
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде көп шіркеулер не істеді?
-
Олардың сол ісі жайлы сіз не ойлайсыз?
Жохан 13:34, 35 пен 17:16 оқып, мына сұрақтарды талқылаңыздар:
-
Қалай ойлайсыз, Ехоба діндердің соғысқа қатысқанын көргенде, не сезінеді?
-
Жалған діндер небір зұлым істерге себепші. Сіз діндердің Құдай сүйіспеншілігін қалай тұмшалап жатқанын көрдіңіз?
6. Құдай адамдарды жалған діннен азат еткісі келеді
Аян 18:4-ті оқып a, мына сұрақты талқылаңыздар:
-
Құдай жалған дінге алданған адамдарды құтқарғысы келетінін білгенде, не сезіндіңіз?
7. Шынайы Құдай туралы білуді тоқтатпаңыз
Жалған діндердің іс-әрекетіне бола Құдайдан теріс айналған дұрыс па? Айталық, баласы әкесінің үйреткен ақылын еш тыңдағысы келмейді. Сөйтіп, ол үйінен кетіп, жаман жолға түседі. Әрине, әкесі оның бұл жүрісін еш құптамайды. Бүлікшіл ұлының осындай өмір кешкені үшін әкесін кінәлау әділ ме?
-
Жалған діндердің бұрыс іс-әрекетіне бола Ехобаны кінәлап, оны танып-білуді доғарған дұрыс болар ма еді?
КЕЙБІРЕУЛЕРДІҢ АЙТАТЫНЫ: “Діндердің бәрі жақсылыққа үйретеді”.
-
Сіз де осылай ойлайсыз ба?
-
Неге діндердің көбісі жақсылыққа үйретеміз деп айтқанмен, Құдай оларды құптамайды?
ТҮЙІНДЕМЕ
Жалған діндер үйрететін ілімдерімен және сорақы істерімен Құдайды қорлауда. Құдай жалған діндерді жояды.
Қайталау
-
Жалған діннің ілімдері мен іс-әрекеттері жайлы не ойлайсыз?
-
Ехоба жалған діндерге қалай қарайды?
-
Құдай жалған діндермен не істейді?
ҚОСЫМША ІЗДЕНІҢІЗ
Діндердің көбісі неге Құдайға ұнамайды? Соның екі себебін біліңіз.
Неге Ехоба басқалармен бірге ғибадат еткенімізді қалайды?
“Адамның қандай да бір діни ұйымның мүшесі болуы шарт па?” (jw.org сайтындағы мақала)
Бір дінбасының өз дінінен көңілі қалды. Бірақ ол Құдай жайлы шындықты іздей берді.
“Неге бір дінбасы шіркеуден кетіп қалды?” (“Ояныңдар!” (ор.), ақпан, 2015)
Ғасырлар бойы діндер Құдайдан алыстататын әрі оны қатыгез етіп көрсететін жалған ұғымдарды үйретіп келеді. Солардың үшеуін жоққа шығаратын шындықты біліңіз.
“Құдайдан алыстататын жалған ұғымдар” (“Күзет мұнарасы”, қараша, 2013)
a Аян кітабында жалған діндер неге “Ұлы Бабылға” теңелгенін білу үшін 1-түсіндірмені қараңыз.