Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

4-САБАҚ

Алла Тағала туралы ақиқат

Алла Тағала туралы ақиқат

Адамзат ежелден бері неше түрлі құдайлар мен тәңірлерге табынып келеді. Алайда Киелі жазбаларда жалғыз Құдай бар екені әрі ол “құдай атаулының бәрінен де ұлы” екені айтылған (Шежірелер 2-жазба 2:5). Оның ұлылығы неде? Бұл сабақта Алла Тағала сізге өзі жайлы не ашатынын білесіз.

1. Алла Тағаланың есімі кім және ол өз есімін білгенімізді қалайтыны неден көрінеді?

Құдай Тағала өзін Киелі кітап арқылы таныстырады. Ол: “Мен Ехобамын. Бұл — менің есімім”,— дейді (Ишая 42:5, 8 оқыңыз). “Ехоба” деген еврей тілінен аударылған. Көп ғалымның айтуынша, бұл есім “ол болғызады” дегенді білдіреді. Ехоба Құдай оның атын білгенімізді қалайды (Мұсаның 2-жазбасы 3:15). Мұны неден білеміз? Киелі кітапта оның есімі 7000-нан аса рет аталған! a Ехоба деген есім бүкіл ғаламның “шынайы Құдайына” ғана тиесілі (Мұсаның 5-жазбасы 4:39).

2. Киелі жазбаларда Ехоба Құдай жайлы не айтылған?

Киелі жазбаларда адамдар құлшылық ететін барлық құдайлардың ішінде Ехоба ғана жалғыз шынайы Құдай екені айтылған. Неге? Бұған бірнеше себеп бар. Ехоба ең жоғарғы билікке ие, сондықтан ол ғана — “жер бетін билейтін жалғыз Құдай Тағала” (Зәбүр 83:18 оқыңыз). Оның “Құдіреті шексіз”, яғни ол не істеймін десе де, күші жетеді. Ол бүкіл ғалам мен жер бетіндегі тіршіліктің “бәрін жаратқан” (Аян 4:8, 11). Тек Ехоба ғана әрдайым бар болған және мәңгі бақи бола береді (Зәбүр 90:2).

ТЕРЕҢІРЕК ҮҢІЛІҢІЗ

Құдайдың атақ-лауазымдары мен төл есімінің айырмашылығын қарастырайық. Сосын ол сізге өз есімін қалай және не үшін ашқанын білейік.

3. Атақ-лауазымы көп, бірақ есімі жалғыз

Адамның есімі мен атақ-лауазымының арасындағы айырмашылықты білу үшін БЕЙНЕРОЛИКТІ көріп, келесі сұрақты талқылаңыздар:

  • “Жаратушы” деген сияқты лауазым мен есімнің айырмашылығы қандай?

Киелі кітапта адамдардың көптеген “құдайлар” мен “иелерге” табынатыны айтылған. Зәбүр 136:1—3 оқып, мына сұрақты талқылаңыздар:

  • “Құдайлардың Құдайы” және “Иелердің Иесі” кім?

4. Ехоба Құдай есімін білгеніңізді және айтқаныңызды қалайды

Ехоба өз есімін білгеніңізді қалайтынын қайдан білесіз? БЕЙНЕРОЛИКТІ көріп, мына сұрақтарды талқылаңыздар:

  • Қалай ойлайсыз, неге Ехоба адамдар оның есімін білсе екен дейді?

Ехоба адамдардың оны атымен атағанын қалайды. Римдіктерге 10:13 оқып, келесі сұрақтарды талқылаңыздар:

  • Ехоба Құдайдың есімін айту қаншалықты маңызды?

  • Өзгелер сіздің атыңызды ұмытпай, оны айтқанда не сезінесіз?

  • Сіз Ехобаның атын айтқанда, ол не сезінеді деп ойлайсыз?

5. Ехоба сізді өзіне жақындауға шақырады

Камбоджалық Сотен деген бір әйел Құдайдың есімін білгенде, өзін өте бақытты сезінгенін айтты. БЕЙНЕРОЛИКТІ көріп, келесі сұрақты талқылаңыздар:

  • Бейнероликте айтылғандай, Құдайдың есімін білгені Сотенге қалай әсер етті?

Біреумен танысып, дос болғымыз келсе, біз әдетте оның атын сұраймыз. Жақып 4:8a оқып, келесі сұрақтарды талқылаңыздар:

  • Ехоба сізді не істеуге шақырады?

  • Құдайдың есімін біліп, оны атасаңыз, бұл сізге оған жақындауға көмектесе ме?

КЕЙБІРЕУЛЕРДІҢ АЙТАТЫНЫ: “Алла Тағаланың есімдері көп”.

  • Құдайдың есімі Ехоба екенімен келісесіз бе?

  • Құдай Ехоба деген есімді айтқанымызды қалайтынын қалай түсіндіріп берер едіңіз?

ТҮЙІНДЕМЕ

Ехоба — жалғыз шынайы Алла Тағаланың есімі. Өзіне жақын болу үшін ол есімін білгенімізді және атағанымызды қалайды.

Қайталау

  • Адамдар табынатын барлық құдайлардан неге Ехоба ерекше?

  • Неліктен біз Құдайдың есімін айтуымыз керек?

  • Ехоба өзіне жақындағаныңызды қалайтыны неден көрінеді?

Мақсат

ҚОСЫМША ІЗДЕНІҢІЗ

Құдайдың бар екенін дәлелдейтін бес себепті қарастырыңыз.

“Құдай бар ма?” (jw.org сайтындағы мақала)

Құдайдың әрдайым бар болғанына сену неліктен ақылға қонымды екенін оқып біліңіз.

“Құдайды кім жаратты?” (“Күзет мұнарасы”, 1 тамыз, 2014)

Ежелде нақты қалай дыбысталғаны белгісіз болса да, неге Құдайдың есімін айтуымыз керектігін біліңіз.

“Ехоба деген кім?” (jw.org сайтындағы мақала)

Құдайды қалай атайтынымыз маңызды ма? Неге оның бір ғана дара есімі бар екенін көріңіз.

“Құдайдың қанша аты бар?” (jw.org сайтындағы мақала)

a Құдай есімінің мағынасы мен оның кейбір Киелі кітап аудармаларынан неге алынып тасталғанын “Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасының” А4 қосымшасынан көбірек біле аласыз.