ҚОСЫМША
Иса желтоқсанда туылған ба?
КИЕЛІ КІТАПТА Исаның қашан туылғаны айтылмаған. Алайда онда жазылған кейбір мәліметтерге сүйеніп, Иса желтоқсанда туылмаған деген тұжырымға келуге болады.
Иса туылған Бетлехемде қоңыр күз бен қыс айларында ауа райының қандай болғанын қарастырып көрейік. Яһудилердің кислев айы (қараша және желтоқсан айларына сай келеді) суық әрі жауын-шашынды болатын. Одан кейін тебет айы (желтоқсан мен қаңтар) келетін. Осы айда таулы жерлерге ара-тұра қар жауатын, әрі бұл ай жылдың ең суық мезгілі болатын. Сол аймақтың ауа райы туралы Киелі кітапта не айтылғанын көрейік.
Киелі кітап жазушыларының бірі Езраның сөздерінен кислевтің шынымен суық әрі жаңбырлы ай ретінде белгілі болғаны көрінеді. Езра “тоғызыншы айдың [кислевтің] жиырмасыншы күнінде” халықтың Иерусалимге Езра 10:9, 13; Еремия 36:22). Бетлехемнің аймағында тұратын малшылардың желтоқсан айында өздері де, малдары да түнде далада қалып қоймау үшін қам жасағаны таңғалдырмайды.
жиналғанын баяндай келе, олардың қатты жауған “жаңбырдан дірілдеп” тұрғанын айтқан. Жиналған халықтың өзі былай деген: “жауын-шашынды маусым, сыртта ұзақ тұра алмаймыз” (Алайда Киелі кітапта Иса туылған күні түнде қойшылардың отарларымен бірге жайылымда болғаны айтылады. Мысалы, Лұқаның сөздерінен сол кезде Бетлехемге жақын жерде малшылардың “далада түнеп, отарларын күзетіп жүрген” көрінеді (Лұқа 2:8—12). Байқасаң, малшылар далада түнеп жатқан. Бетлехемде желтоқсан айында ауа райының суық та жаңбырлы болғанын ескерсек, малшылар сол кезде далада түнеген деуге бола ма? Жоқ, олай дей алмасақ керек. Осылайша Иса дүниеге келгенде болған оқиғалар оның желтоқсанда туылмағанына нұсқайды.
Құдай Сөзінде Исаның қашан өлгені нақты айтылған, бірақ оның қай кезде туылғанына қатысты мәлімет аз. Бұл Сүлеймен патшаның сөздерін еске салады: “Қымбат иісмайдан жақсат артық, туылған күннен өлген күн артық” (Уағыздаушы 7:1). Олай болса, Киелі кітапта Исаның қызметі мен өлімі егжей-тегжейлі суреттеліп, ал қашан туылғанына қатысты көп нәрсе айтылмағаны таңғалдырмайды.