Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

92-ТАРАУ

Иса балықшыларға көрінді

Иса балықшыларға көрінді

Иса елшілеріне көрінгеннен кейін көп ұзамай Петір балық аулау үшін Ғалилея теңізіне кетті. Оған Тома, Жақып, Жохан және басқа да шәкірттер еріп барды. Олар түні бойы балық аулады, бірақ ештеңе ұстай алмады.

Таң ата бергенде шәкірттер жағада бір адамның тұрғанын көрді. Ол кісі шәкірттерден: “Бірдеңе ұстай алдыңдар ма?”— деп сұрады. Олар: “Жоқ!”— деп жауап берді. Сонда ол: “Ауды қайықтың оң жағына тастаңдар”,— деді. Шәкірттер солай еткенде, ауға балықтың көп түскені сонша — оны тартып шығара алмады. Сол кезде Жохан әлгі адамның Иса екенін танып қойып: “Бұл Иеміз ғой!”— деді. Мұны естігенде Петір дереу суға секіріп, жағаға қарай жүзіп кетті. Ал басқа шәкірттер оның артынан қайықпен ілесті.

Олар жағаға жеткенде, нан мен отқа пісіп жатқан балықты көрді. Иса пісіру үшін шәкірттерден тағы бірнеше балық әкелулерін сұрады. Сосын оларға: “Келіңдер, таңғы астарыңды жеп алыңдар”,— деді.

Бәрі тамақтанып болған соң, Иса Петірден: “Сен мені балық аулаудан да қатты жақсы көресің бе?”— деп сұрады. Петір оған: “Иә, Ием. Сізді жақсы көретінімді білесіз ғой”,— деді. Сонда Иса мынаны айтты: “Онда қозыларыма тамағын бер”. Сосын ол қайтадан: “Петір, мені жақсы көресің бе?”— деп сұрады. Сонда ол: “Ием, жақсы көретінімді білесіз ғой”,— деді. Иса оған: “Қозыларымды бақ”,— деді. Ол үшінші рет тағы сол сұрақты қойды. Бұған Петірдің қатты көңілі түсті. Ол: “Ием, сіз бәрін білесіз, сізді жақсы көретінімді де білесіз”,— деді. Иса Петірге: “Қозыларыма тамағын бер”,— деді. Сосын оған: “Әрі қарай да соңымнан ере бер”,— деп айтты.

“Иса оларға: “Соңымнан еріңдер, мен сендерді адам аулаушы етемін”,— деді. Олар ауларын тастай сала, оның соңынан ерді” (Матай 4:19, 20).