ОН ТӨРТІНШІ ТАРАУ
Отбасын қалай бақытты етуге болады?
1, 2. Құдай отбасылардың қандай болғанын қалайды?
АЛҒАШҚЫ некеге бастама берген — Ехоба Құдай. Киелі кітапта Құдайдың алғашқы әйелді жаратып, оны Адамға алып келгені айтылған. Сол кезде Адам: “Бұл — өз сүйегімнен шыққан сүйек, Өз етімнен шыққан ет!”— деп қатты қуанған (Мұсаның 1-жазбасы 2:22, 23). Бұдан білетініміз — Ехоба ерлі-зайыптылардың бақытты болғанын қалайды.
2 Өкінішке қарай, бүгінде бақытсыз отбасылар көп. Бірақ Киелі кітаптағы кеңестер отбасыларға тату-тәтті өмір сүруге көмектесе алады (Лұқа 11:28). Қазір отбасының барлық мүшесіне — күйеулер мен әйелдерге және балаларға — арналған сол кеңестерге тоқталып өтейік.
ЖАҚСЫ КҮЙЕУ ҚАНДАЙ БОЛАДЫ?
3, 4. а) Жақсы күйеу әйеліне қалай қарайды? ә) Ерлі-зайыптының бір-бірін кешіргені неге маңызды?
3 Киелі кітапта күйеуі әйелін сүюі әрі құрметтеуі керектігі айтылған. Ефестіктерге 5:25—29 тармақтарды оқиықшы. Осында айтылғанға сай, жақсы күйеу әйелін қамқорлайды әрі қорғайды. Сондай-ақ оған ауыр тиетін сөздер айтпайды және ұрып-соқпайды.
4 Ал әйелі қателессе, күйеуі қалай әрекет етуі керек? Киелі кітапта: “Күйеулер, әрдайым әйелдеріңді сүйіңдер, оларға кәрлеріңді [яғни ашуларыңды] төкпеңдер”,— делінген (Қолостықтарға 3:19). Күйеулер өздерінің де қателік жасайтындарын ұмытпағандары жөн. Олар Құдайдың кешіріміне ие болғысы келсе, әйелдерін кешіре білулері тиіс (Матай 6:12, 14, 15). Бір-бірін кешіруге дайын ерлі-зайыптының некелері берік болады.
5. Күйеу әйеліне неге құрметпен қарауы керек?
5 Ехоба күйеудің әйеліне құрметпен қарап, бағалағанын қалайды. Ол әйелін ас-сумен, киім-кешекпен қамтамасыз етуі керек. Онымен сөйлесуге уақыт бөліп, сезімін ескеруі қажет. Ер адамның әйеліне осылай қарағаны өте маңызды. Өйткені олай етпесе, Ехоба оның дұғасын тыңдамай қоюы мүмкін (Петірдің 1-хаты 3:7). Ехоба ер адамды әйелден жоғары деп санамайды. Ол өзін жақсы көретін адамдардың бәрін бірдей бағалайды.
6. Әйел мен күйеудің біртұтас болуы нені білдіреді?
6 Иса ерлі-зайыптылар туралы: “Енді олар екеу емес, біртұтас”,— деген (Матай 19:6). Ерлі-зайыптылар бір-бірінің көзіне шөп салмайды, қайта, адалдық сақтайды (Нақыл сөздер 5:15—21; Еврейлерге 13:4). Төсек қатынасына келгенде олар өздерін ғана ойламай, бір-бірінің қажеттілігін ескереді (Қорынттықтарға 1-хат 7:3—5). Күйеу Киелі кітаптағы: “Ешкім де өз тәнін жек көрмейді, қайта, оған нәр беріп, аялап күтеді”,— деген сөздерді есте ұстауы қажет. Ол әйелін сүйіп, аялауы керек. Өйткені әйел үшін күйеуінің мейірімі мен махаббаты аса маңызды (Ефестіктерге 5:29).
ЖАҚСЫ ӘЙЕЛ ҚАНДАЙ БОЛАДЫ?
7. Отбасына отағасының жетекшілік еткені неге маңызды?
7 Отбасына отағасы жетекшілік етсе, үй ішіндегілерге өз міндеттерін атқару оңай болады. Киелі кітапта: “Әрбір еркектің басы — Мәсіх, әйелдің басы — еркек, ал Мәсіхтің басы — Құдай”,— делінген (Қорынттықтарға 1-хат 11:3).
8. Әйел күйеуін барынша құрметтейтінін қалай көрсете алады?
8 Шыны керек, қателік жасамайтын отағасы жоқ. Петірдің 1-хаты 3:1—6). Киелі кітапта: “Әйел болса күйеуіне зор құрмет көрсетсін”,— делінген (Ефестіктерге 5:33). Тіпті күйеуі Ехобаға қызмет етпейтін болса да, әйелі оған зор құрмет көрсете беруі керек. Киелі кітапта былай делінген: “Әйелдер, күйеулеріңе бағыныңдар. Осылайша Құдай сөзіне мойынсұнбайтын күйеулерің сөздерің арқылы емес, жүріс-тұрыстарың арқылы оған мойынсұнатын болсын. Олар таза жүріс-тұрыстарыңды әрі өздерін барынша құрметтейтіндеріңді көргенде, осылай болмақ” (Петірдің 1-хаты 3:1, 2). Күйеуі әйелінің жақсы жүріс-тұрысын көргенде, оның Киелі кітапқа негізделген көзқарасын түсініп, құрметтейтін болады.
Алайда әйелі күйеуінің шешімдерін қолдап, онымен бірлесе әрекет етсе, мұның пайдасын бүкіл отбасы көреді (9. а) Әйелі күйеуімен келіспесе, не істеуі керек? ә) Титке 2:4, 5-те әйелдерге арналған қандай кеңес бар?
9 Әйелі күйеуінің шешімімен келіспесе, не істеуі керек? Ол өз ойын құрметпен жеткізсе болады. Мысалы, Ыбырайым пайғамбардың әйелі Сара да оған өз ойын Мұсаның 1-жазбасы 21:9—12). Әдетте мәсіхші күйеудің шешімдері Киелі кітапта жазылғандарға қайшы келмейтіндіктен, әйелі оны қолдағаны жөн (Елшілердің істері 5:29; Ефестіктерге 5:24). Сондай-ақ жақсы әйел отбасының қамын ойлайды (Титке 2:4, 5 оқыңыз). Үй ішінің қамы үшін аянбай тер төгетін әйелді күйеуі де, балалары да жақсы көреді әрі сыйлайды (Нақыл сөздер 31:10, 28).
айтқан. Бұл ойы Ыбырайымға ұнамағанымен, Ехоба оған: “Сараның сөзіне құлақ ас”,— деген (10. Киелі кітапта бөлек тұру мен ажырасуға қатысты не айтылған?
10 Кейбір жұбайлар бір-бірінен бөлек тұруды немесе ажырасуды шешіп жатады. Алайда Киелі кітапта: “Әйел күйеуінен кетпеу керек... Күйеу де әйелінен кетпеу керек”,— делінген (Қорынттықтарға 1-хат 7:10, 11). Кейбір ерекше жағдайларда ғана ерлі-зайыптының бөлек тұруына болады *. Дегенмен бұл шешімге жеңіл-желпі қарауға болмайды. Ал ажырасу туралы не айтуға болады? Киелі кітапта ажырасуға тек бір ғана себеп бар екені айтылған. Бұл — әйелінің не күйеуінің басқа біреумен төсек қатынасында болуы (Матай 19:9).
ЖАҚСЫ АТА-АНА ҚАНДАЙ БОЛАДЫ?
11. Ата-аналар балаларына ең алдымен қандай тәрбие беруі керек?
11 Ата-аналар, балаларыңызбен көбірек уақыт өткізіңіздер. Олар бұған өте мұқтаж. Бірақ ең алдымен оларға Ехоба туралы тәлім-тәрбие беріңіздер (Мұсаның 5-жазбасы 6:4—9).
12. Балаларын қорғау үшін ата-аналар не істеу қажет?
12 Шайтан билеген дүниеде зұлымдық барған сайын өршіп барады. Балаларға қиянат жасап, тіпті зорлауды *. Иә, балаларды қорғау — ата-аналардың міндеті (Петірдің 1-хаты 5:8).
көздейтін қатыгез адамдар да көп. Кейбір ата-аналарға балаларымен бұл туралы сөйлесу қиын болып жатады. Бірақ олар балаларын ескертіп, сондай адамдардан қорғануды үйретулері қажет13. Ата-аналар балаларын қалай жөнге салулары керек?
13 Ата-аналар балаларының тәрбиесін қадағалаулары керек. Мұны қалай істеуге болады? Балаларды жөнге салу арқылы. Бірақ жөнге салғанда, тым қатал не Еремия 30:11). Балаңызды ешқашан ашу үстінде жазаламаңыз. Өйткені ашумен айтылған сөздер балаға ауыр тиіп, оны “семсердей жаралауы” мүмкін (Нақыл сөздер 12:18). Балаңызбен сөйлесіп, оған тілалғыш болудың маңыздылығын түсіндіріңіз (Ефестіктерге 6:4; Еврейлерге 12:9—11; 30-түсіндірмені қараңыз).
қатыгез болмау керек (БАЛАЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАП
14, 15. Балалар неге ата-аналарының тілін алуы керек?
14 Иса әрдайым Әкесінің тілін алған. Тіпті қиын болған кездері де мойынсұна білген (Лұқа 22:42; Жохан 8:28, 29). Ехоба бүгінде де балалардың ата-аналарына мойынсұнғанын қалайды (Ефестіктерге 6:1—3).
15 Балалар, ата-аналарыңның тілін алу қиын болып көрінсе де, оларға мойынсұна беріңдер. Сонда Ехоба мен ата-аналарыңды қуантасыңдар * (Нақыл сөздер 1:8; 6:20; 23:22—25).
16. а) Шайтан жастарды жаман істерге итермелеу үшін не істейді? ә) Ехобаны сүйетін адамдармен достасу неге маңызды?
16 Шайтан сені достарың не құрдастарың арқылы бұрыс істер жасауға итермелеуі мүмкін. Себебі ол мұндай қысымға қарсы тұру оңай емес екенін жақсы біледі. Мысалы, Жақыптың қызы Дина Ехобаны жақсы көрмейтін адамдармен достасты. Бұның кесірінен оның өзі де, бүкіл үй-іші де жапа шекті (Мұсаның 1-жазбасы 34:1, 2). Егер Ехобаны сүймейтін адамдармен достассаң, олар сені Ехоба жек көретін істерді жасауға итермелеуі мүмкін. Ал бұл өзіңді де, отбасыңды да, Ехобаны да қайғыға батырады (Нақыл сөздер 17:21, 25). Сондықтан Ехобаны жақсы көретін адамдармен дос болғаның өте маңызды (Қорынттықтарға 1-хат 15:33).
ОТБАСЫҢЫЗ БАҚЫТТЫ БОЛА АЛАДЫ
17. Отбасы мүшелерінің қандай міндеттері бар?
17 Отбасының әрбір мүшесі Құдайдың нұсқауларын орындайтын болса, көп қиындықтың алдын алады. Сондықтан күйеулер, әйелдеріңізді сүйіп, оларға жұмсақ болыңыздар. Әйелдер, күйеулеріңізді құрметтеп, оларға мойынсұныңыздар және Нақыл сөздер 31:10—31 тармақтарда жазылған әйелге ұқсаңыздар. Ал ата-ана болсаңыздар, балаларыңызға Құдайды жақсы көруді үйретіңіздер (Нақыл сөздер 22:6). Отағалары, “отбасына жақсы басшылық етіңіздер” (Тімөтеге 1-хат 3:4, 5; 5:8). Балалар, сендер ата-аналарыңа мойынсұныңдар (Қолостықтарға 3:20). Отбасында кішіпейіл болып, кешірім сұраудың да маңызы зор, өйткені қателеспейтін адам жоқ. Байқағанымыздай, Киелі кітапта отбасының әрбір мүшесіне пайдалы болатын кеңестер бар.
^ 10-абзац Көбірек мәлімет алу үшін, “Құдайдың сүйіспеншілігінен айырылмаңдар” кітабының 219—221 беттерін қараңыз.
^ 12-абзац Балаларды қорғауға қатысты көбірек мәлімет алу үшін Ехоба куәгерлері басып шығарған “Ұлы Ұстаздан үйренейік” кітабының 32-тарауын қараңыз.
^ 15-абзац Егер ата-анасы Құдайдың заңдарына қайшы келетін талаптар қойса, бала оларға бағынуға міндетті емес (Елшілердің істері 5:29).