Құпиялық параметрлері

To provide you with the best possible experience, we use cookies and similar technologies. Some cookies are necessary to make our website work and cannot be refused. You can accept or decline the use of additional cookies, which we use only to improve your experience. None of this data will ever be sold or used for marketing. To learn more, read the Global Policy on Use of Cookies and Similar Technologies. You can customize your settings at any time by going to Privacy Settings.

Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Қанадағы үйлену тойында Иса қызмет көрсетушілерге құмыраларды суға толтыруды бұйырды

15-ТАРАУ

Алғашқы кереметін жасады

Алғашқы кереметін жасады

ЖОХАН 2:1—12

  • ҚАНАДАҒЫ ҮЙЛЕНУ ТОЙЫ

  • ИСА СУДЫ ШАРАПҚА АЙНАЛДЫРДЫ

Исаның алғашқы шәкірттерінің қатарына Натанайыл қосылғаннан бері үш күн өтті. Иса кейбір шәкірттерімен туған өлкесіне, солтүстіктегі Ғалилея аймағына бет алды. Діттеген жерлері — Қана қаласы. Қана — Натанайыл тұратын қала. Ол Иса өскен Назарет қаласының солтүстігіндегі қыратты өлкеде орналасқан. Олар сол жердегі үйлену тойына бара жатыр.

Тойға Исаның анасы Мәриям да келді. Ол той иелерінің досы болғандықтан, қонақ күтуге көмектесіп жүрген болса керек. Сондықтан не нәрсенің жетіспей жатқанын бірден байқап, Исаға: “Олардың шарабы жоқ”,— деді (Жохан 2:3).

Былайша айтқанда, Мәриям Исаға бір шара қолдануға кеңес берді. Сонда Иса: “Бұның екеумізге қандай қатысы бар?”— деп келіспейтінін білдірді (Жохан 2:4). Ол Құдай тағайындаған Патша болғандықтан, не істеп, не қою керектігіне қатысты нұсқауды достары мен туыстарынан емес, көктегі Әкесінен алу керек еді. Содан Мәриям барлығын ұлының қолына тапсырды да, қызмет көрсетушілерге: “Ол не айтса, соны істеңдер”,— деді (Жохан 2:5).

Сол үйде алты тас құмыра бар еді, оның әрқайсысына 40 литрден аса су сыятын. Иса қызмет көрсетушілерге: “Құмыраларды суға толтырыңдар”,— деп тапсырды. Сосын оларға: “Аздап алып, асабаға апарыңдар”,— деді (Жохан 2:7, 8).

Асаба жақсы шарап үшін күйеу жігітті мақтауда

Асаба шарапты татып көріп, сапасына таңғалды, бірақ оның кереметтің арқасында жасалғанын білмеді. Сосын ол күйеужігітті шақырып алып, оған: “Жұрт алдымен жақсы шарабын, ал қонақтар қызып алғанда, нашарлауын береді. Сен болсаң жақсысын осы уақытқа дейін сақтап қойыпсың”,— деді (Жохан 2:10).

Бұл — Иса жасаған алғашқы керемет. Шәкірттері кереметті көргенде, Исаға деген сенімдері нығая түсті. Тойдан кейін Иса анасымен және бауырларымен Ғалилея теңізінің солтүстік-батыс жағалауындағы Қапарнаум қаласына жол тартты.