43-ТАРАУ
Патшалыққа қатысты мысалдар
МАТАЙ 13:1—53 МАРҚА 4:1—34 ЛҰҚА 8:4—18
-
ИСА ПАТШАЛЫҚҚА ҚАТЫСТЫ МЫСАЛДАР АЙТТЫ
Парызшылдарға сөгіс айтылған жағдай Қапарнаумда орын алғанға ұқсайды. Сол күні Иса үйінен шығып, жақын маңдағы Ғалилея теңізіне бет алды. Сол жерде қасына көп адам жиналғандықтан, ол қайыққа отырып, жағадан әрірек жүзіп барды. Сөйтіп, халыққа Көк Патшалығы жайлы тәлім беріп, мысалдар мен астарлы әңгімелер айта бастады. Ол мысалдарында көпшілікке таныс жағдайларды келтіргендіктен, тыңдаушылары Патшалыққа қатысты түрлі жайттарды оңай түсінді.
Алдымен Иса тұқым сепкен диқан жайлы мысал айтты. Тұқымның кейбірі жол бойына түседі де, құстар келіп шоқып кетеді. Басқа біреулері топырағы аз тастақ жерге түседі. Бірақ өскін тамырын терең жая алмағандықтан, күн шыққанда күйіп, қурап қалады. Тағы біреуі тікен арасына түседі де, тікен өсіп, оларды тұншықтырып тастайды. Ал өзге тұқымдар жақсы топыраққа түсіп, “бірі жүз, бірі алпыс, тағы бірі отыз еседен өнім бере бастайды” (Матай 13:8).
Иса тағы бір мысал келтіріп, Патшалықты егіндігіне жақсы тұқым сепкен адамға теңеді. Ол түнде ұйықтап, таңертең тұрып, тіршілік ете береді. Ал тұқым көктеп шығып өсе берді, бірақ әлгі кісі оның “қалай өсіп жатқанын білмеді” (Марқа 4:27). Содан бидай өздігінен өсіп, масақ дәнмен толысады, кейін егін пісіп, науқан уақыты келеді.
Иса егін себумен байланысты үшінші мысалды келтірді. Бір адам егіндігіне жақсы тұқым себеді, бірақ “жұрт ұйықтап жатқанда” дұшпаны келіп, бидай арасына арамшөп сеуіп кетеді. Мұны көрген құлдары арамшөпті отап тастауға рұқсат сұрайды. Матай 13:24—30).
Бірақ қожайын былай дейді: “Жоқ, арамшөпті отаймыз деп, бидайды да жұлып тастарсыңдар. Орақ салғанша бірге өсе берсін. Ал орақ кезінде егін жинаушыларға: — Алдымен, арамшөпті жинап, өртеу үшін баулаңдар, содан кейін бидайды жинап, қамбаға құйыңдар,— деймін” (Исаны тыңдағандардың көбі егін шаруашылығымен таныс. Сондықтан ол бәріне белгілі кішкентай қыша дәнін мысалға келтірді. Қыша дәні өскенде, ағаш іспетті үлкейіп, бұталарын құстар паналайды. “Көк Патшалығы бір кісі егіндігіне еккен қыша дәніне ұқсайды”,— деді Иса (Матай 13:31). Мұны ол өсімдіктанудан дәріс беру үшін айтқан жоқ. Иса өте кішкентай нәрсенің өте үлкен нәрсеге айналуы жайлы мысалдың көмегімен таңғажайып өсімге назар аударды.
Иса тыңдаушылары күнде көріп жүрген тағы бір құбылысқа көңіл бөлді. Ол: “Көк Патшалығы ашытқыға ұқсайды. Әйел ашытқыны үш тегеш ұнға қосып араластырады”,— деді (Матай 13:33). Қамырға жақсы сіңген ашытқы көзге көрінбесе де, қамырды көтереді. Осылайша ашытқы қамырды бірден байқалмайтын өзгеріске ұшыратып, көлемін айтарлықтай ұлғайтады.
Иса сөзін аяқтаған соң, айналасындағы жұртты таратып, өзі тоқтаған үйіне қайтты. Көп ұзамай шәкірттері келіп, айтылған мысалдардың мәнін түсіндіріп беруін сұрады.
ИСАНЫҢ МЫСАЛМЕН СӨЙЛЕУІНІҢ ПАЙДАСЫ
Исаның шәкірттері оның мысал келтіріп сөйлегенін бұрын да естіген, бірақ бұл жолы ол бірталай мысал айтты. Сондықтан олар: “Неге оларға мысалдармен сөйлейсіз?”— деп сұрады (Матай 13:10).
Исаның мысалмен сөйлеуінің бір себебі — Киелі кітап пайғамбарлығын орындау. Осыған байланысты Матай: “Оларға мысалсыз ештеңе де айтпады. Осылай келесі пайғамбарлық орындалды: “Мысалдар келтіре отырып, аузымды ашамын. Байырғыдан жасырын болып келген нәрселерді жариялаймын”,— деп жазды (Матай 13:34, 35; Зәбүр 78:2).
Мысал қолдануының тағы бір себебі — адамдардың шын ниетін көру. Көпшілік Исаны сөзге шешен болғаны үшін және құдіретті істер жасағаны үшін ғана тыңдайтын. Бірақ олар Исаны — айтқанын істеп, шын ықыласпен соңынан еру керек Иелері деп білмейтін (Лұқа 6:46, 47). Сондай-ақ олар хабардың мәніне терең бойлағысы да, көзқарастары мен өмір салттарын өзгерткісі де келмеді.
Шәкірттерінің сұрағына Иса былай деп жауап берді: “Мен оларға мысалдармен сөйлеймін, себебі олар қараса да, көрмейді, естісе де, тыңдамайды, әрі мәнін ұқпайды. Осылайша Ишая пайғамбардың мына сөздері соларға қатысты орындалып жатыр: “Халықтың жүрегі сезімсіз болып қалған” (Матай 13:13—15; Ишая 6:9, 10).
Бұл Исаны тыңдап отырғандардың бәріне қатысты емес. Сондықтан Иса: “Ал сендер бақыттысыңдар, себебі көздерің көріп, құлақтарың естиді. Сендерге шындығын айтамын, көптеген пайғамбарлар мен әділ адамдар сендер көріп жатқандарды көргісі келген, бірақ көрген жоқ. Сендер естіп жатқандарды естігісі келген, бірақ естіген жоқ”,— деді (Матай 13:16, 17).
Он екі елші мен басқа да адал шәкірттер үйренуге және өзгеруге дайын болғандықтан, Матай 13:11). Айтқан сөздерін түсінуді шын қалап тұрғанын көрген Иса оларға диқан туралы мысалдың мәнін ашып берді.
Иса: “Көк Патшалығының қасиетті құпияларын түсіну оларға емес, сендерге берілген”,— деді (“Тұқым Құдай сөзін білдіреді”,— деді Иса (Лұқа 8:11). Ал жер жүректі бейнелейді. Бұл — мысалдың мәнін ашатын негізгі ой.
Тапталған жолдың бойына түскен тұқым жайлы Иса былай деді: “Ібіліс келіп, сенбесін әрі құтқарылмасын деп, жүректеріндегі сөзді алып кетеді” (Лұқа 8:12). Ал тастақ жерге түскен тұқымға келсек, Иса адамдардың Құдай сөзін қуанышпен қабылдайтынын, бірақ жүректерінде сөздің терең тамыр жаймайтынын түсіндірді. Мұндай адамдар “Патшалық туралы сөз үшін қиындық пен қуғынға кезіккенде”, шындықта нық тұра алмайды. Шынында да, “сынақ кезінде” — мысалы отбасындағылар не басқа адамдар қудалағанда — олар сенімнен тайып кетеді (Матай 13:21; Лұқа 8:13).
Ал тікен арасына түскен тұқымға қатысты Иса қандай түсінік берді? Бұл теңеу Құдай сөзін естіп, қабыл алатын адамдарға қатысты. Алайда олар “осы заманның уайым-қайғысына” және “алдамшы байлықтың” әсеріне беріліп қалады (Матай 13:22). Сондықтан бойларындағы сөз тұншығып, өнімсіз болады.
Бұдан кейін Иса жақсы топырақтың нені білдіретінін түсіндірді. Бұл Құдай сөзін тыңдайтын және оны жүрегіне қабылдап, мәнін ұғатын адамдарды бейнелейді. Мұндай адамдар жағдайларына — мысалы жасына, денсаулығына — қарай бірі жүз, басқасы алпыс, тағы бірі отыз еседен “өнім береді”. Шынымен, “таза да ізгі жүректі адамдар сөзді естігеннен кейін, оны көңілдерінде Лұқа 8:15).
сақтап, төзімділікпен өнім береді”, яғни Құдайға қызмет етіп, баталарға кенеледі (Көбірек білгісі келіп, Исаны іздеп тапқан шәкірттер ерекше әсер алса керек. Олар мысалдарды үстіртін ғана емес, олардың астарында жатқан мағынаны ұғып алды. Иса шәкірттерінің бұл мысалдарды түсініп, өз кезегінде шындықты басқаларға айтқанын қалады. Сондықтан ол: “Жағылған шамды ыдыстың не төсектің астына қоя ма? Оны шамдалға қояды емес пе?”— деген. Олай болса: “Құлағы барлар тыңдап алсын!”— деп Иса кеңес берді (Марқа 4:21—23).
КӨБІРЕК ТҮСІНІК БЕРІЛДІ
Иса тұқым сепкен диқан туралы мысалдың мағынасын ашып берген соң, шәкірттер көбірек білгісі келіп: “Егіндіктегі арамшөп туралы мысалды түсіндіріп беріңізші”,— деп өтінді (Матай 13:36).
Бұл өтініштен шәкірттердің ой-қалпы Исаны тыңдаған басқа адамдардікінен өзгеше екені байқалды. Адамдар мысалдардың астарында жатқан мәнді және олардың қолданысын білгісі келген жоқ. Оларға мысалдардағы оқиғаның барысын естігені ғана жеткілікті болды. Сондықтан Иса жағалаудағы қалың жұрт пен көбірек білуге ынталы шәкірттерінің арасындағы айырмашылықты көрсетті.
Ол былай деді: “Не естіп тұрғандарыңа ден қойыңдар. Қандай өлшеммен өлшеп берсеңдер, сендерге де сондай өлшеммен беріледі, тіпті қосып беріледі” (Марқа 4:24). Шәкірттері Исадан естігендеріне шын ықыласпен ден қойды. Сол үшін олар көбірек түсінік, көбірек білім алды. Содан Иса шәкірттеріне бидай мен арамшөп туралы мысалдың мәнін түсіндіріп берді.
“Жақсы тұқымды сепкен диқан — Адам Ұлы. Егіндік — осы дүние, ал жақсы тұқым — Патшалықтың ұлдары, арамшөп болса Зұлымның ұлдары, оны сепкен дұшпан — Ібіліс. Ал орақ кезі — осы заманның ақыры, егін жинаушылар болса періштелер” (Матай 13:37—39).
Иса мысалдағы әр теңеудің кімді және нені білдіретінін айтқаннан кейін, ақыр соңында не болатынын түсіндірді. Заманның ақырында орақшылар, яғни періштелер, мәсіхшілер кейпін танытқан арамшөп пен “Патшалықтың ұлдарының” аражігін ажыратып бөледі. “Әділдер” бір жерге жиналады да, “Әкелерінің Патшалығында” күндей жарқырайтын болады. Ал “Зұлымның ұлдарымен” не болады? Олар түбінде біржолата жойылады, сондықтан “зар еңіреп, қинала тістенеді” (Матай 13:41—43).
Сосын Иса шәкірттеріне тағы үш мысал айтты. Біріншісі мынадай: “Көк Патшалығы Матай 13:44).
танапта жасырылған қазынаға ұқсайды. Оны тауып алған адам қазынаны қайта жасырып қойып, қуанғанынан өзінде бардың бәрін сатып, сол жерді сатып алады” (Сөзін жалғап, былай деді: “Көк Патшалығы асыл меруерт іздеп жүрген жиһанкез саудагерге ұқсайды. Аса құнды біреуін тапқанда, ол дереу өзінде бардың бәрін сатып, сол меруертті сатып алады” (Матай 13:45, 46).
Иса осы екі мысалмен нағыз құнды нәрсе үшін адам қандай құрбандыққа баруға дайын екеніне баса назар аударды. Мысалдағы саудагер аса құнды бір меруертті иемдену үшін “өзінде бардың бәрін” ойланбастан сатып жіберді. Исаның шәкірттері асыл меруерт туралы бұл мысалдың мәнін түсінді. Танапта жасырылған қазынаны тапқан адам да оған ие болу үшін “өзінде бардың бәрін сатты”. Екі мысалда да әңгіме қолжетімді өте бағалы нәрсе жайлы және оны иемденіп, бағалау керектігі жайлы еді. Бұл жайтты адамның Құдайды танып білу үшін құрбандыққа баратынымен салыстыруға болады (Матай 5:3). Исаны тыңдап отырған кейбір адамдар рухани тәлім үшін және Исаның шынайы ізбасары болу үшін үлкен құрбандыққа баруға дайын екендерін көрсетіп те қойған болатын (Матай 4:19, 20; 19:27).
Соңында Иса Патшалықты әртүрлі балық түскен ауға ұқсатты (Матай 13:47). Балықшылар балықты іріктегенде, жақсыларын ыдысқа жинап, жарамсыздарын лақтырып тастайды. “Осы заманның ақырында да тап солай болады: періштелер келіп, зұлымдарды әділдерден ажыратады”,— деді Иса.
Алғашқы шәкірттерін “адам аулаушы” болуға шақырғанда, Исаның өзі рухани мағынадағы аулау ісін атқарып жатқан еді (Марқа 1:17). Алайда мысалдағы балық аулау ісі болашаққа, яғни “осы заманның ақырына” қатысты (Матай 13:49). Сондықтан Исаны тыңдап отырған елшілер мен басқа да шәкірттер алда өте маңызды оқиғалар орын алатынын сезді.
Жағалауда айтылған мысалдарды тыңдаған шәкірттер көбірек түсінікке ие болды. Өйткені Иса оларға “оңашада бәрін түсіндіріп” берді (Марқа 4:34). Ол “қазынасынан жаңа және ескі нәрселерді алып шығатын үй иесіне ұқсады” (Матай 13:52). Исаның осы керемет мысалдарды айтуының мақсаты — тәлім беру шеберлігін көрсету емес, қазынадай құнды шындықтарды түсіндіру еді. Шынында да, Иса — теңдесі жоқ тәлімгер.