Қорынттықтарға 1-хат 7:1—40

  • Салтбастылар мен некедегілерге берілген кеңес (1—16)

  • “Шақырылғанда кім қандай болса, сол күйінде қала берсін” (17—24)

  • Салтбастылар мен жесірлер (25—40)

    • Салтбасты болудың артықшылығы (32—35)

    • “Тек Иеміздің ізбасарына шығу керек” (39)

7  Ал енді жазған сұрақтарыңа тоқталайын: еркектің әйелге жақындамағаны* жақсы,  бірақ азғындық* кең тарағандықтан, әр еркектің өз әйелі+, ал әр әйелдің өз күйеуі болсын+.  Күйеуі де, әйелі де бір-бірінің алдындағы борышын* атқарсын+.  Әйелдің денесі өзінің емес, күйеуінің билігінде. Дәл солай күйеуінің денесі өзінің емес, әйелінің билігінде.  Дұға етуге өзара келісіп алған уақыттан басқа кездерде бір-біріңнен бас тартпаңдар. Содан кейін қайтадан бірге болыңдар, әйтпесе өздеріңе ие бола алмай, Шайтанның азғыруына түсіп қалуларың мүмкін.  Бұл айтқандарым — бұйрық емес, рұқсат қана.  Алайда бәрінің де мен сияқты болғанын қалар едім. Әйтсе де әркімнің Құдайдан алған өз сыйы бар+: біреуі былай болса, біреуі олай.  Ал салтбастылар мен жесірлерге айтарым — олардың мен сияқты болып қала бергендері жақсы+.  Бірақ өздеріне ие бола алмаса, некеге тұрсын. Себебі құштарлық отына күйіп-жанғанша, некеге тұрғандары дұрыс+. 10  Ал некеде тұрғандарға мен, тіпті мен емес Иеміз, нұсқау береді: әйел күйеуінен кетпеу керек+. 11  Егер кететін болса, салтбасты болып қалсын немесе күйеуімен қайта татулассын. Күйеу де әйелінен кетпеу керек+. 12  Басқаларға болса Иеміз емес, мен айтамын+, егер бауырластың әйелі өзімен бір сенімде болмаса, бірақ онымен тұруға келіссе, әйелін тастамасын. 13  Сол сияқты, әйел де күйеуі бір сенімде болмағанмен, бірге тұруға келіссе, оны тастамасын. 14  Өйткені сенуші емес күйеуі әйелі арқылы, ал сенуші емес әйел сенуші күйеуі арқылы қасиетті болады. Әйтпесе балаларың таза болмас еді, ал қазір олар қасиетті. 15  Бірақ сенуші емес жұбайы кетуді шешсе, кете берсін. Мұндай жағдайда бауырлас онымен қалуға міндетті емес. Құдай сендерді тыныштыққа шақырды+. 16  Әйел, қайдан білесің, бәлкім, күйеуіңді құтқарып қаларсың+? Ал сен, күйеу, қайдан білесің, бәлкім, әйеліңді құтқарып қаларсың? 17  Әйтсе де Ехоба кімге қандай үлес берсе, кімді неге шақырса, соған сай өмір кешсін+. Қауымдардың бәріне берер нұсқауым — осы. 18  Кім шақырылғанға дейін сүндеттелген болса+, сол күйі қала берсін. Ал кім шақырылғанға дейін сүндеттелмеген болса, сүндеттелмей-ақ қойсын+. 19  Сүндеттелу не сүндеттелмеу маңызды емес+, маңыздысы — Құдайдың өсиеттерін орындау+. 20  Шақырылғанда кім қандай болса, сол күйінде қала берсін+. 21  Шақырылғанда құл болсаң, мұны уайымдама+. Ал еркіндік алудың мүмкіндігі туса, оны пайдалан. 22  Өйткені құл кезінде шақырылған Иеміздің шәкірті — оның меншігіндегі ерікті адам+. Сол іспетті, шақырылғанда ерікті болған адам — Мәсіхтің құлы. 23  Сендер қымбат бағаға сатып алындыңдар+, бұдан былай адамдарға құл болмаңдар. 24  Бауырластар, шақырылғанда кім қандай болса, Құдай алдында сол күйінде қала берсін. 25  Пәктігін сақтап жүргендерге* қатысты Иеміз маған ешқандай бұйрық берген жоқ. Бірақ адал болуым үшін ол маған мейірім танытты, сондықтан өз ойымды айтып отырмын+. 26  Меніңше, қазіргі қиындықтарды ескеріп, кімнің күйі қандай болса, сол күйінде қала бергені жақсы. 27  Әйелің бар болса, одан кетудің жолын іздеме+. Ал жоқ болса, онда әйел іздеме. 28  Бірақ некеге тұрғаның — күнә емес. Сондай-ақ пәктігін сақтап жүрген адам некеге тұрса, ол да күнә емес. Алайда некеге тұрғандар өмірлерінде жаңа қиындықтарға кезігеді*. Ал мен сендерді содан сақтап қалғым келеді. 29  Оның үстіне, бауырластарым, сендерге айтарым — уақыт аз қалды+. Енді әйелі барлар үйленбегендей, 30  жылағандар жыламағандай, қуанғандар қуанбағандай, сатып алғандар сатып алмағандай, 31  осы дүниені пайдаланатындар оны толық пайдаланбайтындардай болсын, себебі бұл дүние* өзгеруде. 32  Мен сендердің уайым-қайғысыз жүргендеріңді қалаймын. Үйленбеген адам Иемізге ұнамды болуға тырысып, оған қызмет етумен байланысты нәрселерді ойлайды. 33  Ал үйленген адам әйеліне ұнауға тырысып, осы дүниелік нәрселерді ойлайды+. 34  Осылайша ол екі ойлы болады. Сондай-ақ салтбасты әйел мен бойжеткен қыз тәні де, рухы да қасиетті болу үшін, Иемізге қызмет етумен байланысты нәрселерді ойлайды+. Ал тұрмыстағы әйел күйеуіне ұнауға тырысып, осы дүниелік нәрселерді ойлайды. 35  Мұны шектеу қояйын деп емес, сендердің игіліктерің үшін әрі салтбасты күйлеріңде қалып, ештеңеге алаңдамай, әрдайым Иемізге бар жүректеріңмен қызмет етуге талпындыру үшін айтып отырмын. 36  Ал егер әлдекім құштарлық сезімін жүгендей алмайтындай сезінсе, әрі албырт шақтан өткен болса, өз қалауына сай некелессін. Бұл — күнә емес. Ондайлар некеге тұрсын+. 37  Ал кімде-кім некеге тұруды қажет деп таппаса, әрі өз еркін билей алатындықтан, салтбасты болып қалуды шешіп, жүрегіндегі осы шешіміне берік болса, дұрыс істейді+. 38  Сонымен, некеге тұрған адам дұрыс істейді, ал тұрмаған адам одан да дұрыс істейді+. 39  Күйеуінің көзі тірісінде әйелдің оған басы байлаулы+. Ал күйеуі көз жұмса, кімге тұрмысқа шығамын десе де өз еркі, тек Иеміздің ізбасарына шығу керек+. 40  Бірақ, меніңше, қайтадан тұрмыс құрмаса, бақыттырақ болады. Менде де Құдай рухы бар деп ойлаймын.

Сілтемелер

Яғни әйелмен жыныстық қатынаста болмағаны.
Грекше “порниа”. Түсіндірмені қараңыз.
Яғни төсек қатынасына қатысты борышын.
Немесе “Ешқашан некеге тұрмағандарға”.
Сөзбе-сөз “тән азабын шегеді”.
Немесе “дүниенің сахналық көрінісі”.