Шежірелер 2-жазба 16:1—14
16 Асаның билік құруының отыз алтыншы жылы Исраил патшасы Бағаса+ Яһудаға қарсы аттанып, Яһуда патшасы Асаның жеріне ешкім кіріп-шыға алмау үшін Рамақ+ қаласын соға бастады*+.
2 Сонда Аса патша Ехобаның үйі мен патша сарайының қазынасындағы бар алтын мен күмісті+ алып, Дамаскіде тұратын Сирия патшасы Бен-Хададқа жіберді+.
3 Аса оған: “Екеуміздің де, әкелеріміздің де арасында жасасқан келісім бар емес пе?! Мен сізге алтын-күміс жіберіп отырмын. Исраил патшасы Бағаса менің жерімнен кері шегіну үшін, онымен жасасқан келісіміңізден бас тарта көріңіз”,— деген сәлем жолдады.
4 Бен-Хадад Аса патшаның сөзіне құлақ асып, әскерінің қолбасыларын Исраил қалаларына қарсы аттандырып, Ион+, Дан+, Әбел-Маим қалаларын және Нафталим жеріндегі қамбалары бар барлық қалаларды шапты+.
5 Мұны естіген бойда, Бағаса Рамақты бекітуді қойып, ондағы жұмыстарды доғарды.
6 Аса патша болса бүкіл Яһуданы шақырып алып, Бағаса патша Рамақтағы+ құрылысқа пайдаланған тастар мен бөренелерді тасып әкелуді бұйырды+. Патша солармен Бениямин жеріндегі Геба+ мен Миспа+ қалаларын салды*.
7 Сол кезде Яһуда патшасы Асаға Ханани+ көреген* келіп былай деді: “Сен Құдайың Ехобаға емес, Сирия патшасына арқа сүйегендіктен, Сирия патшасының әскері қолыңа түспей, құтылып кетті+.
8 Эфиопиялықтар мен ливиялықтар көптеген соғыс арбалары мен салт аттылары бар жер қайыстырған әскермен келмеп пе еді?! Әйтсе де сен Ехобаға арқа сүйедің, сондықтан ол жауыңды уысыңа салып беріп еді ғой+.
9 Себебі Ехоба өзіне бар жүрегімен берілгендерді+ қолдау үшін, бүкіл жер бетін мұқият бақылап отыр+. Бұл жолы сен үлкен ақымақтық жасадың. Сондықтан бұдан былай соғыстан көз ашпайтын боласың+”.
10 Бірақ Асаның Ханани көрегеннен қатты көңілі қалды. Патша ашуға булығып, Хананидің аяқ-қолын бұғаулап, түрмеге тастады. Сол кездері патша басқаларға да қысым көрсете бастады.
11 Асаның басқа да істері Яһуда және Исраил патшаларының тарихы баяндалған кітапта жазылған+.
12 Билік құруының отыз тоғызыншы жылы Аса аяқ ауруына шалдығып, науқасы қатты асқынып кетті. Бірақ ол сонда да Ехобаға бет бұрмады, қайта, емшілердің көмегіне жүгінді.
13 Ақырында Аса ата-бабаларына қосылды+. Ол билік құруының қырық бірінші жылы көз жұмды.
14 Оның сүйегі Дәуіттің қаласындағы+ кезінде өзі даярлап қойған үлкен қабірге қойылды. Патшаның денесі бальзам және түрлі хош иісті заттар қосылған иісмай толтырылған табытқа салынды+. Сонымен қатар патшаның жерлеу рәсімінде үлкен от жағылды*.
Сілтемелер
^ Немесе “бекіте бастады; қайта сала бастады”.
^ Немесе “бекітті; қайта салды”.
^ Мұндағы еврей сөзі Құдай өз еркін түсінуге қабілет берген адамға нұсқайды.
^ Мұнда Асаның мәйітін өртеу туралы емес, хош иісті заттарды жағу жөнінде айтылып тұрса керек.