Уағыздаушы 12:1—14

  • Кәрілік келмей тұрып, Жаратушыны есіңде ұста (1—8)

  • Уағыздаушының тұжырымы (9—14)

    • Данышпанның сөзі ұшы сүйір таяқ іспетті (11)

    • Құдайдан қорқу (13)

12  Жастық шағыңда Ұлы Жаратушыңды есте ұста+! Азапты күндер мен “олардан еш рақат таппадым” дейтін жылдар келмей тұрғанда+; 2  күннің, ай мен жұлдыздардың жарығы көмескіленбей+, нөсерден кейін* қою бұлттар қайта жиналмай тұрғанда, оны ұмытпа. 3  Сол күні үйдің сақшылары дірілдейді; мықты ерлер бүгіледі; саны азайғандықтан, әйелдер диірмен тартуын доғарады; терезеден қараған бикештер қараңғылықты ғана көреді+; 4  көшеге шығатын есіктер жабылады; астық тартқан диірменнің дыбысы бәсеңдейді; адам құстың үніне оянады; ән айтқан барлық қыздардың даусы жай шығады+. 5  Сондай-ақ ол биік жерлерден қорқады, көшеден үрейленеді. Бадам ағашы гүлдейді+; шегіртке сүйретіліп әрең қозғалады; каперс* жемісі жарылады. Себебі адам ұзақ тұратын үйіне бара жатыр+, ал көшеде жоқтаушылар жүреді+. 6  Күміс арқан үзілмей, алтын тостаған сынбай, бұлақ басындағы құмыра қирамай және құдықтан су тартатын шығыр сынбай тұрғанда, Жаратушыңды есте ұста. 7  Сол уақыт келгенде, топырақ өзі алынған жерге оралады+, ал өмір* оны сыйлаған Құдайға кері қайтады+. 8  “Нағыз бос әурешілік!— деді уағыздаушы+.— Бәрі де бос әурешілік”+. 9  Уағыздаушы дана болып қана қоймай, білгендерін халыққа үнемі үйретіп отырды+. Сондай-ақ көптеген нақыл сөз құрастыру* үшін, ойланып-толғанды және жан-жақты ізденістер жүргізді+. 10  Уағыздаушы құлаққа жағымды сөздерді табуға тырысты+ және шындық сөздерін тура етіп жазып қойды. 11  Данышпандардың сөзі ұшы үшкір таяқ* іспетті+, жинақтаған сөздері мықтап қағылған шегелер сияқты. Бұлардың бәрін берген — бір бағушы. 12  Осы айтылғандардың басқасынан, балам, сақ бол: кітап жаза бергеннің шегі болмайды, көп оқығаннан тән шаршайды+. 13  Осы айтылған барлық сөздің тоқетері мынау: Құдайдан қорқып+, бұйрықтарын орында+, себебі адам баласының бар парызы — осы+. 14  Құдай адамның әрбір ісіне, тіпті жасырын жасаған ісіне де, жақсы не жаман деген баға беріп соттайды+.

Сілтемелер

Мүмкін: “бірге”.
Тәбет ашатын жемістің түрі.
Немесе “өмір күші”. Сөзбе-сөз “рух”.
Немесе “реттеу”.