Самуилдің 2-жазбасы 22:1—51
22 Ехоба Дәуітті күллі жауларынан және Саулдың қолынан құтқарған күні+ ол Ехоба Құдайына былай деп жырлады+:
2 “Ехоба — асқар тауым әрі қорғаным+, менің Құтқарушым+.
3 Құдайым — пана табар жартасым+,Менің қалқаным+, құтқарушы мүйізім*, қауіпсіз панам+,Құтқарушым+ әрі баспанам+.Сен мені зорлық-зомбылықтан сақтайсың.
4 Мадаққа лайық Ехобаға сиынамын,Сонда жауларымнан құтқарыламын.
5 Мені өлім толқындары қоршады+,Оңбаған адамдар екпінді тасқындай зәремді алды+.
6 Көрдің* арқаны мені матады+,Өлім маған тұзақ құрды+.
7 Бойымды қайғы меңдегенде, Ехобаға жүгіндім+,Құдайыма үздіксіз сиындым.
Киелі шатырынан ол үнімді естіді,Зарлаған даусым құлағына жетті+.
8 Жер шайқалды, дүмпіді+,Көктің іргесі де дірілдеді+,Себебі Құдай қаһарына мінді+.
9 Мұрнынан түтін будақтап, аузынан жойқын от лаулады+,Тұла бойынан қызған шоқ атқылады.
10 Құдай көкті иіп, төмен түсті+,Аяғының астына қара бұлт үйірді+.
11 Ол керубке мініп+, ұшып келді,
Рухтың* қанатынан көрінді+.
12 Ол түнекке оранды,Айналасына жаңбырлы қара бұлт үйірді,
Өзіне оны шатыр етті+.
13 Алдындағы жарықтан қызған шоқ шашырады.
14 Көктен Ехоба күн күркіретті+,Құдай Тағала даусын гүрілдетті+.
15 Жебе атқылап+, жауларын жан-жаққа бытыратты,Найзағай ойнатып, әбден абдыратты+.
16 Ехобаның сөгісінен, танауының екпінді лебінен+Теңіз түбі көрінді+,Жердің негіздері жалаңаштанды.
17 Ол көктен қолын созды,Мені ұстап, терең судан шығарып алды+.
18 Күші басым жауымнан,Мені жек көретін мықты дұшпандарымнан құтқарды+.
19 Бақытсыздыққа ұшырағанымда, олар қарсы шығып еді+,Бірақ Ехоба маған тірек болды.
20 Ол мені қауіпсіз жерге әкелді+,Маған көңілі толғандықтан азат етті+.
21 Ехоба әділдігіме қарай қарымтамды қайтарды+,Кінәратсыздығыма қарай есемді берді+.
22 Себебі мен Ехобаның жолымен жүрдім,Құдайымнан безіп, зұлымдық та жасамадым.
23 Қайта, барлық шешімдері+ көз алдымда,Бас тартпаймын жарлықтарынан да+.
24 Оның алдында мінсіздігімді сақтаймын+,Заңсыздық атаулыдан аулақ боламын+.
25 Лайым Ехоба әділдігіме қарай қарымтамды берсін+,Алдында кінәратсыз жүргеніме қарай есемді қайтарсын+.
26 Сен адал адамға адалдық танытасың+,Мінсіз жанның мінсіздігіне қарай әрекет қыласың+.
27 Жүрегі таза адамға таза екеніңді көрсетесің+,Арамзаға тапқырлығыңды паш етесің*+.
28 Кішіпейіл жанды аман сақтайсың+,Ал тәкаппарларға жаратпай қарап, көкірегін басасың+.
29 Өйткені, Ехоба, сен менің шам-шырағымсың+,Уа, Ехоба, түнегімді де өзің жарқыратасың+.
30 Сенің көмегіңмен бір топ қарақшыға да қарсы тұрамын,Құдайымның күшімен дуалға да шығамын+.
31 Шынайы Құдайдың жолы кемелді+,Сөзі де Ехобаның саф таза+.
Ол — өзін паналағандар үшін қалқан+.
32 Ехобадан басқа Құдай бар ма+?!
Құдайымыздан басқа жартас бар ма+?!
33 Шынайы Құдай — мызғымас қамалым+,Ол жолымды түзулеп, мінсіз қылады+.
34 Аяғымды маралдікіндей жүйрік етеді,Биік жерлерге нық тұрғызады+.
35 Қолымды үйретеді шайқасуға,Сонда ие аламын мыс садақты да.
36 Сен мені қалқан боп құтқарасың,Кішіпейілділігің мерейімді өсіреді+.
37 Қадам басар жолымды кеңейтесің,Аяғым еш таймайды+.
38 Жауларымның соңына түсіп, көзін құртамын,Оларды түгел жоймай қайтпаймын.
39 Енді қайтып бас көтермейтіндей етіп көздерін құртамын, талқандаймын+.Оларды аяғымның астына жығамын.
40 Сен маған шайқасуға күш сыйлайсың+,Дұшпандарымды аяғымның астына жығасың+.
41 Жауларымды қашуға мәжбүр етесің*+,Сонда өзімді жек көретіндердің үнін өшіремін+.
42 Олар көмек сұрап айғайлайды, бірақ ешкім құтқармайды,Тіпті Ехобаға жалбарынады, бірақ одан еш жауап алмайды+.
43 Мен оларды жердің тозаңындай ұнтақтаймын,Көшедегі балшықтай езгілеймін, жермен-жексен етіп мылжалаймын.
44 Сен мені кінәлатып қоймайсың өз халқыма+,
Аман сақтайсың басшы ету үшін ұлттарға+,Маған қызмет етеді өзім білмеген халық та+.
45 Жатжерліктер маған келіп жағымпазданады+,Сөзіме құлақ асып, мойынсұнады.
46 Жатжерліктер батылдықтан жұрдай болады,Дірілдеп қамалдарынан шығады.
47 Ехоба — тірі Құдай! Жартасым мадақталсын+!
Құдайым, құтқарушы Жартасым, даңқталсын+!
48 Шынайы Құдай мен үшін кек алады+,Халықтарды маған бағындырады+,
49 Ол жауларымнан құтқарады.
Уа, Құдай, маған шабуылдағандардан сен мені жоғары қоясың+,Зұлым адамнан аман сақтап қаласың+.
50 Сондықтан, уа, Ехоба, өзіңді ұлттар арасында мадақтайын+,Атыңды әнге қосып даңқтайын+:
51 Ол өзі тағайындаған патша үшін зор кереметтер жасайды+,Өз майланғанын, Дәуіт пен оның ұрпағын,Айнымас сүйіспеншілігінен еш айырмайды+”.
Сілтемелер
^ Түсіндірмені қараңыз.
^ Еврейше “шеол”. Түсіндірмені қараңыз.
^ Немесе “желдің”.
^ Мүмкін: “Арамзаны адастырасың”.
^ Сөзбе-сөз “Жауларымның желкесін көрсетесің”.