Самуилдің 2-жазбасы 2:1—32

  • Дәуіт — Яһуданың патшасы (1—7)

  • Ишбошет — Исраилдің патшасы (8—11)

  • Дәуіт пен Саул үйінің арасындағы соғыс (12—32)

2  Бұдан кейін Дәуіт Ехобадан басшылық сұрап+: “Яһуданың қалаларының біріне көтерілейін бе?”— деді. Ехоба: “Иә, көтеріл”,— деп жауап берді. Дәуіт қайтадан: “Қай қаласына?”— деп сұрап еді, “Хебронға”+ деген жауап алды.  Сөйтіп, Дәуіт екі әйелін, езрехелдік Ахиноғам+ мен кармилдік Набалдың жесірі Әбигелді+ алып, сонда өрледі.  Қасындағы адамдарын+ да отбасыларымен бірге алып кетті. Олар Хебронның айналасындағы қалаларға қоныстанды.  Сонда яһуда руының адамдары келіп, Дәуітті Яһуда үйінің патшасы етіп тағайындады+. Дәуітке Ябес-Ғалақат тұрғындарының Саул патшаның денесін көмгені туралы хабар жетті.  Сондықтан ол Ябес-Ғалақат тұрғындарына хабаршыларын жіберіп, мынаны айтты: “Иелерің Саулға айнымас сүйіспеншілік танытып, сүйегін жерлепсіңдер+. Сол үшін Ехоба сендерді жарылқасын.  Ехоба айнымас сүйіспеншілік көрсетіп, адалдық танытсын. Мен де осы істерің үшін сендерге жақсылық жасаймын+.  Енді берік әрі батыл болыңдар, себебі иелерің Саул қайтыс болды. Ал мені Яһуда үйі өздеріне патша етіп тағайындады”.  Бірақ Саулдың қолбасшысы Нер ұлы Әбінер+ оның Ишбошет+ деген ұлын алып, Маханаимге+ келді.  Сол жерде оны ғалақаттықтардың+, ашурлықтар мен езрехелдіктердің+ және ефрем+ мен бениямин руының үстінен, яғни күллі Исраилдің үстінен, патша етіп қойды. 10  Саулдың ұлы Ишбошет Исраил патшасы болып тағайындалғанда 40 жаста еді, ол екі жыл патшалық құрды. Ал Дәуітті яһуда руы ғана қолдады+. 11  Дәуіт Хебронда яһуда руының үстінен жеті жыл алты ай билік етті+. 12  Бірде Нер ұлы Әбінер мен Саул ұлы Ишбошеттің қызметшілері Маханаимнен+ Гибеонға+ келді. 13  Сарұяның ұлы+ Жоғаб+ пен Дәуіттің қызметшілері де сонда келіп, оларды Гибеондағы хауыздың бойында кездестірді. Бір топ хауыздың бергі жағына, екіншісі арғы жағына орналасты. 14  Бір уақытта Әбінер Жоғабқа: “Жігіттер біздің алдымызда күш сынасуға шықсын”,— деді. Ол: “Жарайды, шықсын”,— деді. 15  Сөйтіп, бениямин руы мен Саул ұлы Ишбошеттің жағынан 12 жігіт таңдалды, Дәуіттің қызметшілерінің арасынан да 12 жігіт шықты. 16  Олар бір-бірінің басынан шап беріп ұстады да, бүйірлеріне семсерлерін сұғып алып, сол күйі жерге құлады. Содан бері Гибеондағы бұл жер Хелкат-Хасурим* деп аталып кетті. 17  Сол күні қиян-кескі шайқас болып, Дәуіттің қызметшілері Әбінер мен исраилдіктерді тас-талқан етті. 18  Сарұяның Жоғаб+, Әбісай+ мен Асахел+ деген үш ұлы+ сол жерде еді. Асахел киіктей жүйрік болатын. 19  Ол Әбінердің соңына түсіп, оңға да, солға да бұрылмай, өкшелей қуып келе жатты. 20  Бір уақытта Әбінер артына қарап: “Асахел, бұл сенсің бе?— деп еді, ол: —Иә, менмін”,— деді. 21  Сонда ол: “Оңға не солға бұрыл да, бір жігітті ұстап алып, соның қару-жарағын олжала”,— деді. Бірақ Асахел одан қалғысы келмеді. 22  Әбінер оған қайтадан: “Мені қууды қой деймін, әйтпесе мерт боласың. Сонда ағаң Жоғабтың бетіне қалай қараймын?”— деді. 23  Асахел құлақ аспаған соң, Әбінер сүңгісінің артқы ұшын оның ішіне сұғып алып+, арқасынан бір-ақ шығарды. Асахел сол жерде сұлап түсіп, тіл тартпай кетті. Оның жанына келгендердің бәрі тоқтап қалып жатты. 24  Жоғаб пен Әбісай Әбінерді қуа жөнелді. Күн ұясына отырып қалғанда олар Гибеонның маңындағы шөл далаға апарар жолдағы Гияға қарсы жатқан Амах төбесіне жетті. 25  Бенияминдіктер Әбінердің айналасына жиналып, бір төбе басына топталды. 26  Әбінер Жоғабқа былай деп айғайлады: “Семсер қанға тоюшы ма еді?! Мұның арты насырға шабарын білесің ғой! Жігіттеріңе өз бауырларын қууды қашан доғартасың?” 27  Бұған Жоғаб: “Тірі Құдайдың алдында шын айтамын*, сен осылай демегенде, жігіттерім өз бауырларын таң атқанша қуа берер еді”,— деді. 28  Сосын ол кернейлетіп, адамдарын тоқтатты. Осыдан кейін оның жігіттері исраилдіктерді қууды да, шайқасуды да доғарды. 29  Әбінер адамдарымен бірге түні бойы Араба+ арқылы жүріп отырып, Иорданға келді. Сосын оны кесіп өтті де, сайды бойлай отырып, ақырында Маханаимге жетті+. 30  Жоғаб болса Әбінерді қууын қойып, адамдарын жинады. Дәуіттің қызметшілерінен, Асахелді қоспағанда, 19 адам жоқ болып шықты. 31  Ал Дәуіттің жігіттері бенияминдіктер мен Әбінер сарбаздарының 360-ын мерт қылған еді. 32  Жоғаб жігіттерімен бірге Асахелдің+ сүйегін әкесінің Бетлехемдегі+ қабіріне апарып қойды. Бұдан кейін олар түні бойы жүріп отырып, күн көтеріле Хебронға+ жетті.

Сілтемелер

Мағынасы “шақпақтастан жасалған пышақтар даласы”.
Немесе “Шынайы Құдайдың тірі екеніндей хақ сөзім”.