Самуилдің 1-жазбасы 3:1—21

  • Самуилдің пайғамбар аталуы (1—21)

3  Жас Самуил Елидің қарамағында Ехобаға қызмет етіп жүрді+. Ол кезде Ехобаның адамдарға сөзін арнауы сиреп кеткен еді, аян+ да жиі берілмейтін.  Елидің көзі нашарлап, көрмей қалған болатын+. Бірде ол өз бөлмесінде жатқанда,  ғибадатханадағы шам+ әлі сөндірілмеген еді. Бұл кезде Самуил келісім сандығы тұрған Ехобаның ғибадатханасында* жатты+.  Сонда Ехоба Самуилді шақырды. Ол: “Мен мұндамын”,— деді де,  Елиге жүгіріп барып: “Мені шақырдыңыз ба?”— деп сұрады. Ели: “Жоқ, шақырған жоқпын. Орныңа барып жата ғой”,— деді. Ол орнына барып жатты.  Ехоба қайтадан: “Самуил!”— деп шақырды. Ол орнынан тұрды да, Елиге барып: “Мен мұндамын. Сіз мені шақырдыңыз ғой”,— деді. Бірақ Ели: “Жоқ, балам, шақырған жоқпын. Барып жата ғой”,— деп жауап берді.  (Самуил Ехобаны әлі жақсы танымайтын, әрі Ехобадан аян алып көрмеген еді+.)  Ехоба үшінші рет: “Самуил!”— деп шақырғанда, ол орнынан тұрды да, Елиге барып: “Мен мұндамын. Бұл жолы сіз мені шақырдыңыз ғой”,— деді. Сонда Ели баланы шақырған Ехоба екенін түсінді де,  оған былай деді: “Барып орныңа жат, ал өзіңді шақырған дауысты тағы да естісең: —Айта бер, Ехоба, қызметшің тыңдап тұр,— де”. Содан Самуил орнына барып жатты. 10  Сонда Ехоба оны тағы да: “Самуил, Самуил!”— деп шақырды. Ол: “Айта бер, қызметшің тыңдап тұр”,— деп жауап берді. 11  Ехоба оған былай деді: “Міне, мен Исраилде бір іс жасамақпын. Бұл жайлы естіген адамның тұла бойы түршігеді+. 12  Сол күні мен Ели мен оның әулетіне қатысты айтқандарымды бастан-аяқ орындаймын+. 13  Оған мынаны айт: —Мен оның үй ішіне қатысты өзгермейтін үкім шығарамын. Өйткені ол ұлдарының Құдайды қорлап жүргенін+ білсе де+, оларды тыйған жоқ+. 14  Сондықтан Елидің үй іші жасаған күнәсінан ешқандай құрбандық пен сый-тарту арқылы ақтала алмайды деп ант еттім+”. 15  Самуил таң атқанша жатты да, тұрған соң Ехобаның үйінің есігін ашты. Бірақ алған аяны жайында Елиге айтуға қорықты. 16  Ели: “Самуил, балам!”— деп шақырды. Самуил: “Мен мұндамын”— деді. 17  Ели мынаны айтты: “Ол саған не деді? Өтінемін, менен ештеңе жасырма. Егер бір сөзін жасырып қалсаң, Құдай сені жазалаған үстіне жазаласын”. 18  Сонда Самуил бірде-бір сөзін жасырмай, естігендерінің бәрін айтып берді. Ели болса: “Бұл — Ехобаның еркі. Ол өзі дұрыс деп тапқанды істесін”,— деді. 19  Самуил есейіп, ержете берді. Ехоба оның айтқан сөздерінің бәрін жүзеге асырып, жар болып жүрді+. 20  Дан мен Бер-Шебаның арасында тұрып жатқан исраилдіктердің бәрі Самуилдің Ехобаның пайғамбары болып тағайындалғанын білді. 21  Ехоба өзін Шилода аян етуді жалғастыра берді. Өйткені Ехоба Самуилге сол жерде көрінді. Самуил Ехобаны одан алған хабары арқылы көретін+.

Сілтемелер

Яғни шатырда.