Римдіктерге 13:1—14

  • Билік басындағыларға бағыну (1—7)

    • Салық төлеу (6, 7)

  • Сүйіспеншілік таныту — Заңды орындау (8—10)

  • Жарықта жүру (11—14)

13  Әрбір адам билік басындағыларға бағынсын+, өйткені биліктің бәрі Құдайдан+. Қазіргі билік иелерінің әрқайсысының Құдай белгілеген орны бар+.  Сондықтан билікке қарсы шыққан адам Құдай орнатқан құрылымға қарсы шығады. Ал бұл құрылымға қарсы шыққандар жазаға тартылады.  Билік иелерінен жақсылық істейтіндер емес, жамандық істейтіндер қорқуы тиіс+. Олардан қорықпай жүргің келе ме? Онда жақсылық істей бер+, сонда олардан мақтау аласың.  Өйткені билік иесі — сенің игілігің үшін қойылған Құдайдың қызметшісі. Ал жамандық жасап жүрсең, одан қорыққаның жөн. Ол семсерін бекерге асынып жүрген жоқ. Билік иесі — Құдайдың қызметшісі, яғни жамандық жасаушыларды оның қаһарына ұшырататын кек алушы.  Олай болса, оған Құдайдың қаһарына ұшыраудан қорыққандықтан ғана емес, ар-ұждандарың таза болу үшін де бағынуларың қажет+.  Сондықтан да сендер алым-салық төлеп жүрсіңдер. Өйткені билік иелері — елдің игілігі үшін қойылған Құдайдың қызметшілері, әрі олар үнемі осы мақсатта қызмет етеді.  Әркімге тиістісін беріңдер: салық талап еткендерге салық+, алым талап еткендерге алым төлеңдер, қорқу керек кісіден қорқыңдар+, құрмет көрсету керек кісіге құрмет көрсетіңдер+.  Өзара сүйіспеншіліктен+ басқа ешкімге ештеңе қарыз болмаңдар. Себебі адамның өзгені сүйгені — заңды орындағаны+.  Өйткені Заңдағы “Неке адалдығын бұзба+! Кісі өлтірме+! Ұрлық жасама+! Сұқтанба+!” деген және тағы басқа заңдар былай деп тұжырымдалған: “Өзге адамды өзіңді сүйгендей сүй”+. 10  Өзгені сүйетін адам оған жамандық істемейді+. Сондықтан сүйіспеншілік таныту — заңды орындау+. 11  Осылай істеңдер, өйткені қандай уақытта өмір сүріп жатқанымызды білесіңдер. Міне, ұйқыдан оянатын уақыт келді+. Себебі Мәсіхке сене бастаған кезімізге қарағанда, құтқарылатын кезіміз қазір жақынырақ. 12  Түн бітуге таяды, ал күн жақындап қалды. Сондықтан түнектің істерін тастап+, жарықтың қаруын асынайық+. 13  Ырду-дырду той-думан құрудан, маскүнемдік, азғындық, өрескелдік*+, ұрыс-жанжал мен күншілдіктен+ аулақ болып, күндізгі уақыттағыдай әдеппен жүріп-тұрайық+. 14  Иеміз Иса Мәсіхтің қасиеттеріне еліктеңдер+; тән құмарлығын қанағаттандырудың жолын ойластырмаңдар+.

Сілтемелер

Немесе “ұятсыз қылықтар”. Грекше “аселгиа”. Түсіндірмені қараңыз.