Римдіктерге 10:1—21
10 Бауырластар, жүрек қалауым да, Құдайдан жалбарынып сұрайтыным да — исраилдіктердің құтқарылуы+.
2 Мен олардың Құдайға құлшына қызмет етіп жүргендерін растай аламын+, бірақ бұлары тура білімге негізделмеген.
3 Өйткені олар Құдайдың әділдігін білмегендіктен+, өздерінің әділдігін орнатуға тырысып+, Құдайдың әділдігіне мойынсұнбады+.
4 Заңның соңы — Мәсіх+. Сондықтан сенімі бар адам әділдікке ие бола алады+.
5 Заңды орындау арқылы әділ болуға қатысты Мұса: “Оларды орындайтын адам соның арқасында өмір сүреді”+,— деп жазған.
6 Жазбада сенімнен туатын әділдік туралы тағы былай делінген: “Іштей былай деп ойлама+: —Кім көкке көтеріледі+ (яғни Мәсіхті көктен кім алып келеді)?
7 Яки: —Кім тұңғиыққа түседі+ (яғни Мәсіхті өлімнен кім алып келеді)?”
8 Ал Жазбада не делінген? “Заңның сөзі сендерге жақын жерде: ауыздарыңда және жүректеріңде”+. Бұл “сөз” — біз жариялап жүрген сенім сөзі.
9 Егер Исаның Иеміз екенін аузыңмен жарияласаң+ әрі жүрегіңде Құдайдың оны өлімнен қайта тірілткеніне деген сенімің болса, онда құтқарыласың.
10 Өйткені адам жүрегіндегі сенімі арқылы әділдікке ие болады, ал сенімін аузымен жариялау+ арқылы құтқарылады.
11 Өйткені Жазбада: “Оған сенген ешкім ұятқа қалмайды”+,— делінген.
12 Себебі яһуди мен гректің арасында еш айырмашылық жоқ+: барлығының Иесі біреу. Ол өзін шақырғандардың бәріне мол батасын береді.
13 Ал “Ехобаны атын атап шақырған* әркім құтқарылады”+.
14 Алайда оған сенбесе, қалай шақырады? Ол туралы естімесе, қалай сенеді? Ешкім ол туралы уағыздамаса, қалай естиді?
15 Ал жіберілмесе, қалай уағыздайды+? Жазбада: “Ізгі хабар әкелетін жариялаушылар* қандай керемет!”+— деп жазылған ғой.
16 Әйтсе де олардың бәрі бірдей ізгі хабарға мойынсұнған жоқ. Өйткені Ишая: “Ехоба, бізден естігендеріне кім сенді?”+— деген.
17 Сонымен, сенім сөзді естуден туады+. Ал сөзді Мәсіх жайлы айтылғанда естуге болады.
18 Алайда мен: “Олар естіген жоқ па?”— деп сұраймын. Әрине, естіген. Өйткені жариялаушылардың “дауыстары шартарапқа жетті, хабарлары жердің шетіне дейін естілді”+.
19 Бірақ мен: “Исраил түсінген жоқ па?”+— деп сұраймын. Кезінде Мұса былай деген: “Мен бөтен халық арқылы қызғаныштарыңды оятамын, ақылсыз халық арқылы қатты ашуландырамын”+.
20 Ишая болса батылдықпен былай деді: “Іздемегендер мені тапты+. Мен туралы сұрамағандарға өзімді таныттым+”.
21 Ал Исраил жөнінде ол: “Мен тілазар, қасарысқан халықты күні бойы құшақ жайып шақырумен болдым”+,— деді.