Нақыл сөздер 3:1—35

  • Дана бол, Ехобаға сенім арт (1—12)

    • Ехобаны құнды нәрселермен құрметте (9)

  • Даналық бақытқа кенелтеді (13—18)

  • Дана адам қауіпсіз жүреді (19—26)

  • Адамдармен дұрыс қарым-қатынас (27—35)

    • Қолдан келгенше, жақсылық жаса (27)

3  Балам, тәлімімді* ұмытпа,Өсиеттерімді шын жүрегіңмен орында,   Өйткені олар күніңе күн,Ғұмырыңа ғұмыр қосып, тыныштық сыйлар+.   Айнымас сүйіспеншілік пен адалдықтан* ажырама+. Оларды мойныңа тағып ал,Жүрегіңе* жазып қой+.   Сонда сені Құдай да, адам да ұнатып+,Терең түсінігі бар деп біледі.   Ехобаға бар жүрегіңмен сенім арт+,Өз ақылыңа сүйеніп жүрме+.   Барлық ісіңде оны ескер+,Сонда ол жолыңды тегістер+.   Өзіңді данамын деп санама+. Ехобадан қорқып, жамандыққа жолама.   Бұл тәніңе шипа болып,Сүйектеріңді нығайтар.   Ехобаны құрметте құнды нәрселеріңмен+,Жеріңнің алғашқы* өнімімен+. 10  Сонда қамбаларың лық толар+,Астауларыңнан* жаңа шарап асып-тасар. 11  Балам, Ехоба жөнге салғанда, бас тартпа+,Түзеткенде, онысын жек көріп жүрме+. 12  Әкесі жақсы көретін баласын түзеткендей+,Ехоба кімді жақсы көрсе, соны түзетеді+. 13  Қандай бақытты даналықты тапқан адам+,Парықтылыққа үйренген жан! 14  Даналықты иемдену күмістен артық,Оның берер пайдасы алтыннан зор+. 15  Ол маржаннан да қымбат,Құмартқан еш нәрсең оған тең келмес. 16  Ұзақ ғұмыр оның оң қолында,Байлық пен қадір-құрмет сол қолында. 17  Оның жолдары жағымды,Татулыққа жетелейді барлығы+. 18  Ие болғандарға ол — өмір ағашы,Оны берік ұстанғандар бақытты саналады+. 19  Ехоба жердің негізін даналықпен қалады+,Аспанды ақыл-парасатпен* нық орнатты+. 20  Оның білімімен тұңғиық сулар бөлінді,Аспандағы бұлттан тамшылап жаңбыр жауды+, 21  Балам, бұларды* елеусіз қалдырма. Даналық пен саналылықты сақта, 22  Саған олар өмір сыйлар,Мойынға тағылған алқадай болар. 23  Сонда жолыңда қауіпсіз жүресің,Аяғың шалынып, ешқашан сүрінбейсің+. 24  Жатқанда еш нәрседен қорықпайсың+,Төсекте рақаттанып ұйықтайсың+. 25  Кенеттен келетін апаттан шошымайсың+,Зұлымдарға төнген дауылдан үрейленбейсің+. 26  Ехоба тіренішің болады+,Аяғыңды тұзақтан сақтайды+. 27  Қолыңнан келіп тұрғанда+,Мұқтаждарға жақсылық жасаудан тартынба+. 28  Қолыңда бар бола тұра,“Бар, кейін кел! Ертең беремін”,— деме. 29  Жаныңда бейқам тұрып жатқан адамғаҚиянат жасауды ойлаушы болма+. 30  Өзіңе жамандық жасамаса+,Еш себепсіз адаммен жанжалдаспа+. 31  Бұзақы адамға қызығып қарама+,Оның бірде-бір жолын таңдама, 32  Өйткені Ехоба арамза адамнан жеркенеді+,Шыншыл адаммен жақын дос болады+. 33  Ехоба зұлымның үйіне қарғыс айтады+,Ал әділдің үйіне батасын жаудырады+. 34  Мазақтағыштардың өзін мазақ етеді+,Момындарға ықыласын түсіреді+. 35  Даналар сый-құрметке бөленер,Надандар масқара нәрсені мадақтар+.

Сілтемелер

Немесе “заңымды”.
Немесе “шындықтан”.
Сөзбе-сөз “жүрегіңнің тақташасына”.
Немесе “ең жақсы”.
Немесе “жүзім сығатын орындарыңнан”.
Немесе “парықтылықпен; қырағылықпен”.
Алдыңғы тармақтарда айтылған Құдайдың қасиеттеріне нұсқап тұрса керек.