Нақыл сөздер 23:1—35
23 Патшамен дастарқандас болғанда,Алдыңдағының бәрін байқап отыр.
2 Асқа тәбетің күшті болса,Тамағыңды тый*.
3 Оның жеңсік асына араның ашылып,Тағамына алданып қалып жүрме.
4 Байлық жинаймын деп зорықпа+,Сәл кідіріп, ақылға сал*.
5 Байлыққа көз салсаң, лезде ғайып болар+,Қанат бітіп, бүркіттей ұшып кетер+.
6 Сараңның тамағын жеме,Жеңсік асына қомағайланба.
7 Іштей ойлаған өз есебі бар,“Ішіп-же”,— дегенімен, пиғылы басқа.
8 Жеген бір түйір асыңды да құсып тастарсың,Айтқан жылы сөзің де зая кетер.
9 Ақымаққа сөйлеп әуре болма+,Ол дана сөзіңді бәрібір менсінбейді+.
10 Ежелден қалған шегара межесін жылжытпа+,Жетімдердің жеріне қол сұқпа.
11 Өйткені олардың Қорғаушысы* мықты,Мүдделерін қорғап, саған қарсы шығады+.
12 Жүрегіңді ақыл-кеңеске бұр,Құлағыңды білімге түр.
13 Баланы жөнге салудан еш тартынба+,Таяқпен ұрғаныңнан ол өлмейді.
14 Таяқпен оны жазаласаң,Көрге* түсуден сақтайсың.
15 Балам, дана болса жүрегің,Қуанар менің де жүрегім+.
16 Жан дүнием* шаттанар,Айтқан тура сөзіңнен.
17 Жүрегіңде қызықпа күнәкарға+,Ехобадан қорқып жүр күнұзаққа+.
18 Сонда келешегің жарқын болады+,Үмітің де үзілмейді.
19 Балам, мені тыңдап, ақылды бол,Жүрегіңді тура жолға бағытта.
20 Шарап ішкіштердің арасында болма+,Етке тойымсыздардың қатарына қосылма+.
21 Маскүнемдік пен мешкейлік кедей қылар+,Ұйқыбастық жыртық киім кигізер.
22 Саған өмір берген әкеңді тыңда,Қартайды деп анаңды менсінбей жүрме+.
23 Шындықты сатып ал, ешқашан сатпа оны+,Даналықты, тәрбие мен түсінікті де+.
24 Әділдің әкесі қуанар,Ақылды баласына әкесі сүйсінер.
25 Әкең мен шешең шаттанар,Дүниеге әкелген анаң қуанар.
26 Балам, бар көңіліңді бұр маған,Жолдарым ұнамды болсын саған+.
27 Өйткені жезөкше терең ордай,Азғын әйел тар құдықтай+.
28 Ол тонаушыдай аңдып жатар+,Опасыз ерлердің санын көбейтер.
29 Кімде қайғы бар? Кім беймаза болар?
Кімде ұрыс-жанжал мен күңкіл шығар?
Кімде себепсіз жарақат бар?
Кімнің көзі қызарып* тұрар?
30 Мұның бәрі шарап ішіп ұзақ отыратындарда+,Күшті шарап іздейтіндерде болар.
31 Қызықпа шараптың қызарып тұрғанына,Тостағанда жылтырап құбылғанына,Өңештен жұмсақ өткеніне.
32 Түбінде ол жыландай шағып алар,Сұржыландай уын шашар.
33 Көз алдыңа қызық жайттар елестер,Жүрегіңнен жаман сөздер шығар+.
34 Ұқсарсың сен теңіздің қақ ортасындағыКеме діңгегінің ұшар басында жатқан адамға.
35 Сонда былай дерсің: “Ұрып еді, түк те сезбедім,Соғып еді, ештеңе білмедім.
Қашан оянар екенмін+?
Тағы да ішімдік ішетін”.
Сілтемелер
^ Немесе “өңешіңе пышақ тақа”.
^ Мүмкін: “өз ақылыңа жүгінуді қой”.
^ Сөзбе-сөз “Құнын өтеп алушы”.
^ Еврейше “шеол”. Түсіндірмені қараңыз.
^ Сөзбе-сөз “бүйрегім”.
^ Немесе “бұлыңғырланып”.