Нақыл сөздер 13:1—25

  • Ақылдасатындар даналыққа ие болар (10)

  • Ұзақ күттірген үміт жүректі ауыртады (12)

  • Адал елші игілік әкелер (17)

  • Данамен жүрген дана болар (20)

  • Жөнге салу — сүйіспеншілік белгісі (24)

13  Ақылды бала әке тәрбиесіне көнеді+,Мазақтағыш сөгіске* құлақ аспайды+.   Адам ізгі сөзінің игілігін көреді+,Опасыздар зорлық-зомбылықты көксейді.   Аузына ие болған жанын сақтар+,Ал аузына ие болмаған құрып кетер+.   Еріншек аңсайды, бірақ түгі жоқ+,Ал ынталы жан жүрер тоқ+.   Әділ адам өтірікті жек көрер+,Зұлымның ісі ұятқа қалдырып, масқара етер.   Кінәратсыз жүргенді әділдігі сақтар+,Күнәкарды зұлымдығы құлатар.   Түгі жоқ болса да, бай көрінгісі келетіндер бар+,Аса дәулетті болса да, кедей көрінгісі келетіндер бар.   Байдың байлығы өмірі үшін төлем болады+,Ал кедейге тіпті қауіп те төнбейді*+.   Әділдің жарығы күндей жарқырайды+,Зұлымның шырағы өшеді+. 10  Менмендік тек ұрыс-жанжал тудырар+,Ақылдасатындар даналыққа ие болар+. 11  Оңай жолмен табылған байлық таусылар+,Қолмен біртіндеп жиналған байлық молаяр. 12  Ұзақ күттірген үміт ауыртады+ жүректі,Орындалған тілек — өмір ағашы+. 13  Тәлімді елемеген сазайын тартар+,Ал өсиетті құрметтеген сыйын алар+. 14  Дананың тәлімі* — өмірдің қайнар көзі+,Ол өлімнің тұзағынан құтқарар. 15  Терең түсінік адамды ұнамды етер,Опасыздық өмірді қайғы-қасіретке толтырар. 16  Парасатты біліммен әрекет етер+,Ал надан өз надандығын жария етер+. 17  Залым хабаршы апатқа ұшырар+,Адал елші игілік әкелер+. 18  Тәрбиені елемеудің түбі — жоқшылық пен масқара,Түзетуге көнгеннің келешегі — қадір-құрмет+. 19  Орындалған тілек жанды жадыратады+. Надан жамандықтан аулақ жүруді жек көреді+. 20  Данамен жүрген дана болар+,Ақылсызбен араласқан жапа шегер+. 21  Күнәкардың қыр соңынан пәле қалмас+,Әділдің көсегесі көгерер+. 22  Жақсы адам немерелеріне мұра қалдырар,Күнәкардың байлығы әділ жанға сақталар+. 23  Жарлының жыртқан жері мол өнім берер,Бірақ ол әділетсіздіктің кесірінен құрып та кетер. 24  Таяғын* аяған баласын жек көреді+,Баласын жақсы көрген орнымен* жөнге салады+. 25  Әділ жан тойғанынша жер+,Зұлым ашқұрсақ жүрер+.

Сілтемелер

Немесе “түзетуге”.
Немесе “сөгіс естімейді”.
Немесе “заңы”.
Немесе “тәрбиелеу; жазалау”.
Мүмкін: “өз уақытында”.