Нақыл сөздер 10:1—32
10 Сүлейменнің нақыл сөздері+.
Ақылды бала — әкесінің сүйініші+,Ақымақ бала — анасының күйініші.
2 Арам байлықтың еш пайдасы болмайды,Ал әділдік өлімнен сақтайды+.
3 Ехоба әділ жанды аш қалдырмайды+,Ал зұлымдарға аңсағанын бермейді.
4 Жалқаудың қолы жоқшылыққа жеткізер+,Ынталының қолы дәулетке кенелтер+.
5 Түсінігі бар ұл жазда астық жинар,Ал арсыз ұл орақ кезінде шырт ұйқыда жатар+.
6 Әділдің басына бата қонар+,Зұлымның аузы зорлықты жасырар.
7 Әділдің жақсаты* батаға лайық+,Зұлымның болса аты өшер+.
8 Жүрегі дана өсиетке құлақ асар+,Жөн-жосықсыз сөйлейтін зардап көрер+.
9 Мінсіз жүрген қауіпсіз жүрер+,Қисық жолға түскен әшкереленер+.
10 Қулана көз қысатын азап шеккізер+,Жөн-жосықсыз сөйлейтін зардап көрер+.
11 Әділдің аузы — өмір қайнары+,Зұлымның аузы жасырар+ зорлықты.
12 Жеккөрушілік ұрыс-жанжал тудырар,Ал сүйіспеншілік барлық күнәні жабар+.
13 Түсінігі бардың аузынан даналық шығар+,Парықсыздың* арқасынан таяқ кетпес+.
14 Дана адам білім жинайды+,Ақымақты өз тілі құрдымға кетіреді+.
15 Байдың дәулеті — бекіністі қаласы,Жарлының жоқшылығы — басының соры+.
16 Әділдің ісі өмірге бастар,Зұлымның табысы күнәға апарар+.
17 Тәрбиеге ден қойған жан өмірге жол бастар*,Ал түзетуді елемеген жолдан тайдырар.
18 Жек көретінін жасырғанның сөзі жалған+,Біреуді жамандап, сөз таситын — ақымақ жан.
19 Көп сөйлеген күнәдан құтылмайды+,Аузына ие болған ақылмен әрекет етеді+.
20 Әділдің тілі — таза күміс+,Зұлымның жүрегі түкке тұрғысыз.
21 Әділдің аузы көпті асырайды*+,Наданның парықсыздығы түбіне жетеді+.
22 Ехобаның батасы адамды байытады+,Бұған ол еш қайғы-қасірет қоспайды.
23 Зердесізге сорақы* қылық — ойын,Парықты адамға даналық тән+.
24 Зұлымның басына қорыққаны келер,Әділдің тілегені орындалар+.
25 Дауыл соғып өткенде, зұлымнан түк қалмас+,Ал әділдің іргетасы мәңгі мызғымас+.
26 Тіске тиген сіркесу я көзге кірген түтін қандай болса,Жалқау да өзін жұмсаған адам үшін сондай болар.
27 Ехобадан қорқу ғұмырды ұзартар+,Жаманның өмір жасы қысқартылар+.
28 Әділдің күткені қуанышқа бөлер+,Зұлымның үміті бекер болар+.
29 Ехобаның жолы — кінәратсыздар үшін берік қорған+,Ал зұлымдық жасайтындар үшін ойран+.
30 Әділ жан құлатылмас+,Зұлымдар жер бетінде тұрақтамас+.
31 Әділдің аузынан даналық шығар,Тілі жамандар құрып жоқ болар.
32 Әділдің аузынан жағымды сөз шығар,Зұлымның аузынан шіріген сөз шығар.
Сілтемелер
^ Сөзбе-сөз “естелігі”.
^ Сөзбе-сөз “жүрегі жоқ”.
^ Мүмкін: “өмір жолында”.
^ Немесе “жетелейді”.
^ Немесе “ұятсыз”.